АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Қазақстанның Энергетика министрлігі Ресейдің Усть-Луга портына украиналық ұшқышсыз аппараттардың шабуыл жасауына қатысты түсініктеме берді.
"Қолда бар ақпаратқа сәйкес, кеше Ленинград облысындағы Усть-Луга портына жасалған ұшқышсыз аппараттардың шабуылы бұл бағыттағы экспорттық жеткізілімдерге әсер еткен жоқ. Тасымалдау жұмыстары қалыпты жағдайда жүріп жатыр", - деп хабарлады ведомство.
Кеше РИА Новости ұшқышсыз аппараттардың қалдықтары құлағаннан кейін Усть-Лугадағы терминалдан өрт шыққанын хабарлады.
"Атырау-Самара" мұнай құбыры қазақстандық мұнайды әлемдік нарыққа экспорттау бойынша екінші орында. Мұнай құбыр арқылы және одан әрі "Транснефть" компаниясы жүйесі арқылы Усть-Луганың Балтық терминалына және Қара теңіздегі Новороссийск портына жеткізіледі.