Дрондардың Усть-Луга портына шабуылы мұнай экспортына әсер еткен жоқ – министрлік

© Sputnik / Алексей ДаничевМорской порт Усть-Луга в Ленинградской области
Морской порт Усть-Луга в Ленинградской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2025
Жазылу
Шикізатты тасымалдау жұмыстары қалыпты жағдайда жүріп жатыр
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Қазақстанның Энергетика министрлігі Ресейдің Усть-Луга портына украиналық ұшқышсыз аппараттардың шабуыл жасауына қатысты түсініктеме берді.
"Қолда бар ақпаратқа сәйкес, кеше Ленинград облысындағы Усть-Луга портына жасалған ұшқышсыз аппараттардың шабуылы бұл бағыттағы экспорттық жеткізілімдерге әсер еткен жоқ. Тасымалдау жұмыстары қалыпты жағдайда жүріп жатыр", - деп хабарлады ведомство.
Кеше РИА Новости ұшқышсыз аппараттардың қалдықтары құлағаннан кейін Усть-Лугадағы терминалдан өрт шыққанын хабарлады.
"Атырау-Самара" мұнай құбыры қазақстандық мұнайды әлемдік нарыққа экспорттау бойынша екінші орында. Мұнай құбыр арқылы және одан әрі "Транснефть" компаниясы жүйесі арқылы Усть-Луганың Балтық терминалына және Қара теңіздегі Новороссийск портына жеткізіледі.
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2025
Тоқаев пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті
Жаңалықтар
0