https://sputnik.kz/20250810/toqaev-pen-zelenskiy-telefon-arqyly-soylesti-56279075.html
Тоқаев пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті
Тоқаев пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті
Sputnik Қазақстан
Қазіргі ең басты міндет – қауіпсіздігіне халықаралық кепілдік беру арқылы Украина елінің мемлекеттілігін сақтау, деді Тоқаев 10.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-10T15:49+0500
2025-08-10T15:49+0500
2025-08-10T15:52+0500
қасым-жомарт тоқаев
зеленский
https://sputnik.kz/img/748/13/7481383_0:0:6017:3385_1920x0_80_0_0_1ecc03415eb667e96f63f60804a11e4f.jpg
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Украинаның бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.Тоқаев қазақ халқының украин халқына, оның тарихына, мәдениетіне және тіліне ерекше құрметпен қарайтынын атап өтті.Қасым-Жомарт Тоқаевтың ойынша, қазіргі өте күрделі жағдайда Украина мемлекеттілігін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ете отырып, қақтығысты байыпты түрде шешкен маңызды. Қазақстан президенті тараптар "Жанжалдан, жаман болса да бітім артық" деген көнеден келе жатқан даналыққа сай әрекет етуге тиіс екенін де жеткізді. Тоқаев территориялық түйткілдің күрделі екенін де түсінетінін айтты."Бұл – халықаралық қатынастардағы ең қиын мәселе. Көбіне бейбітшілік туралы келісімге қол жеткізу, тіпті бітімге келу жолында еңсерілуі қиын кедергіге айналады. Бірақ қазіргі ең басты міндет – қауіпсіздігіне халықаралық кепілдік беру арқылы Украина елінің мемлекеттілігін сақтау", - делінген Ақорданың хабарламасында.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Украинамен өзара мүддеге сай келетін түрлі салада белсенді ынтымақтастық құруға ниетті екенін ерекше атап өтті.
https://sputnik.kz/20250616/tramp-pen-zelenskiy-kanadada-kezdesedi-54718902.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/748/13/7481383_0:0:5355:4016_1920x0_80_0_0_29221478bd64245d310fbd0d9fb385a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, зеленский
қасым-жомарт тоқаев, зеленский
Тоқаев пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті
15:49 10.08.2025 (жаңартылды: 15:52 10.08.2025) Қазіргі ең басты міндет – қауіпсіздігіне халықаралық кепілдік беру арқылы Украина елінің мемлекеттілігін сақтау, деді Тоқаев
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Украинаның бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Тоқаев қазақ халқының украин халқына, оның тарихына, мәдениетіне және тіліне ерекше құрметпен қарайтынын атап өтті.
"Мемлекет басшысы Қазақстанның Украинада халықаралық құқық қағидаттары негізінде бейбітшілік орнауына сөзсіз мүдделі екенін жеткізді. Атап айтқанда, президент Астананың әуел бастан әділдік негізінде бейбітшілік формуласын бірлесе іздеуді жақтағанын, БҰҰ Жарғысын, мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығына қолсұқпаушылық қағидатын сақтау туралы жүйелі түрде пікір білдіргенін еске салды", - делінген ресми хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың ойынша, қазіргі өте күрделі жағдайда Украина мемлекеттілігін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ете отырып, қақтығысты байыпты түрде шешкен маңызды. Қазақстан президенті тараптар "Жанжалдан, жаман болса да бітім артық" деген көнеден келе жатқан даналыққа сай әрекет етуге тиіс екенін де жеткізді. Тоқаев территориялық түйткілдің күрделі екенін де түсінетінін айтты.
"Бұл – халықаралық қатынастардағы ең қиын мәселе. Көбіне бейбітшілік туралы келісімге қол жеткізу, тіпті бітімге келу жолында еңсерілуі қиын кедергіге айналады. Бірақ қазіргі ең басты міндет – қауіпсіздігіне халықаралық кепілдік беру арқылы Украина елінің мемлекеттілігін сақтау", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Украинамен өзара мүддеге сай келетін түрлі салада белсенді ынтымақтастық құруға ниетті екенін ерекше атап өтті.