БҚО тұрғыны алаяқтарға 1,3 млн теңгесін аударып жібере жаздаған

Полиция қызметкерлерінің дер кезінде араласуының арқасында, қаражатты аударуға жол берілмеді
Sputnik
АСТАНА, 24 тамыз - Sputnik. Батыс Қазақстан облысы тұрғыны банкомат арқылы алаяқтарға 1,3 млн теңге аударып жібере жаздаған.
Алдын алу шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері қаладағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде терминал жанында телефонмен сөйлесіп, қобалжыған ер адамды байқайды.
Полицейлер оған телефонның ар жағында алаяқтар болуы мүмкін екенін ескертеді.

"Белгілі болғандай, бірнеше күн бойы өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырған алаяқтар ер адамға телефон шалып, оның ақша жинақтарына қауіп төніп тұрғанын айтқан. Ақшаны "құтқару" үшін оған депозиттен қаражатты шешіп, "қауіпсіз" есепшотқа аударуға кеңес берген", - дейді БҚО полициясы.

Полиция қызметкерлерінің дер кезінде әрекет етуінің арқасында 1,3 миллион теңгенің аударылуына жол берілмеді.
Зейнетақы қорынан ақша алуды уәде еткен алаяқ сотталды