https://sputnik.kz/20250618/zeynetaqy-qorynan-aqsha-aludy-uade-etken-alayaq-sottaldy-54803378.html
Зейнетақы қорынан ақша алуды уәде еткен алаяқ сотталды
Зейнетақы қорынан ақша алуды уәде еткен алаяқ сотталды
Sputnik Қазақстан
Ол зейнет жасындағы адамдардан 50 мыңнан 500 мың теңгеге дейін ақша алған 18.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-18T11:53+0500
2025-06-18T11:53+0500
2025-06-18T12:07+0500
зейнетақы
қылмыс
https://sputnik.kz/img/639/76/6397616_0:55:1498:898_1920x0_80_0_0_71c5b426fbe87b41d618485b38113dc8.jpg
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Елорда тұрғыны алаяқтық әрекеті үшін қылмыстық жауапқа тартылды, деп хабарлады бас прокуратура.Жеңіл жолмен пайда табуды көздеген алаяқ ақпараттық жүйе пайдаланушысының сенімін теріс пайдалану және алдау арқылы заңсыз табыс табу схемасын құрған.2024 жылы елорда тұрғыны "WhatsApp" қосымшасында жалған хабарлама жариялаған.Ол азаматтардың назарын аудара отырып, зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегіне жетпеген тұлғаларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражат алу қызметтерін ұсынған.Алаяқ өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігі болмағанына қарамастан, зейнет жасындағы адамдардан 50 мыңнан 500 мың теңгеге дейін ақша алған.Барлығы 17 осындай қылмыс жасап, жалпы сомасы 3 млн теңгеден асатын қаражатты иемденген.Сотта кінәлі тұлға өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерге залалды толық өтеген.Сот үкімімен ол сотталды.
https://sputnik.kz/20250527/53952559.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/639/76/6397616_61:0:1394:1000_1920x0_80_0_0_2ddc7166b6a5bc2c30922dc72679a282.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы, қылмыс
Зейнетақы қорынан ақша алуды уәде еткен алаяқ сотталды
11:53 18.06.2025 (жаңартылды: 12:07 18.06.2025) Ол зейнет жасындағы адамдардан 50 мыңнан 500 мың теңгеге дейін ақша алған
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Елорда тұрғыны алаяқтық әрекеті үшін қылмыстық жауапқа тартылды, деп хабарлады
бас прокуратура.
Жеңіл жолмен пайда табуды көздеген алаяқ ақпараттық жүйе пайдаланушысының сенімін теріс пайдалану және алдау арқылы заңсыз табыс табу схемасын құрған.
2024 жылы елорда тұрғыны "WhatsApp" қосымшасында жалған хабарлама жариялаған.
Ол азаматтардың назарын аудара отырып, зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегіне жетпеген тұлғаларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражат алу қызметтерін ұсынған.
Алаяқ өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігі болмағанына қарамастан, зейнет жасындағы адамдардан 50 мыңнан 500 мың теңгеге дейін ақша алған.
Барлығы 17 осындай қылмыс жасап, жалпы сомасы 3 млн теңгеден асатын қаражатты иемденген.
Сотта кінәлі тұлға өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерге залалды толық өтеген.
Сот үкімімен ол сотталды.