https://sputnik.kz/20250824/batys-qazaqstan-oblysy-turgyny-alayaqtarga-13-mln-tenge-audaryp-zhibere-zhazdagan-56562665.html
БҚО тұрғыны алаяқтарға 1,3 млн теңгесін аударып жібере жаздаған
БҚО тұрғыны алаяқтарға 1,3 млн теңгесін аударып жібере жаздаған
Sputnik Қазақстан
Полиция қызметкерлерінің дер кезінде араласуының арқасында, қаражатты аударуға жол берілмеді 24.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-24T09:08+0500
2025-08-24T09:08+0500
2025-08-24T18:36+0500
алаяқтық
батыс қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/101/53/1015340_0:0:3077:1731_1920x0_80_0_0_a738a43e7609befceb1ae0901570ccae.jpg
АСТАНА, 24 тамыз - Sputnik. Батыс Қазақстан облысы тұрғыны банкомат арқылы алаяқтарға 1,3 млн теңге аударып жібере жаздаған.Алдын алу шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері қаладағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде терминал жанында телефонмен сөйлесіп, қобалжыған ер адамды байқайды. Полицейлер оған телефонның ар жағында алаяқтар болуы мүмкін екенін ескертеді. Полиция қызметкерлерінің дер кезінде әрекет етуінің арқасында 1,3 миллион теңгенің аударылуына жол берілмеді.
https://sputnik.kz/20250618/zeynetaqy-qorynan-aqsha-aludy-uade-etken-alayaq-sottaldy-54803378.html
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/101/53/1015340_264:0:2995:2048_1920x0_80_0_0_42c9f3be21b9f7821ae3fa2e581a4739.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық, батыс қазақстан облысы
алаяқтық, батыс қазақстан облысы
БҚО тұрғыны алаяқтарға 1,3 млн теңгесін аударып жібере жаздаған
09:08 24.08.2025 (жаңартылды: 18:36 24.08.2025) Полиция қызметкерлерінің дер кезінде араласуының арқасында, қаражатты аударуға жол берілмеді
АСТАНА, 24 тамыз - Sputnik. Батыс Қазақстан облысы тұрғыны банкомат арқылы алаяқтарға 1,3 млн теңге аударып жібере жаздаған.
Алдын алу шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері қаладағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде терминал жанында телефонмен сөйлесіп, қобалжыған ер адамды байқайды.
Полицейлер оған телефонның ар жағында алаяқтар болуы мүмкін екенін ескертеді.
"Белгілі болғандай, бірнеше күн бойы өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырған алаяқтар ер адамға телефон шалып, оның ақша жинақтарына қауіп төніп тұрғанын айтқан. Ақшаны "құтқару" үшін оған депозиттен қаражатты шешіп, "қауіпсіз" есепшотқа аударуға кеңес берген", - дейді БҚО полициясы.
Полиция қызметкерлерінің дер кезінде әрекет етуінің арқасында 1,3 миллион теңгенің аударылуына жол берілмеді.