Қорғаныс министрлігі Польшада әскери атташенің аппарат қызметкері ұсталғанын растады

Оған "Польша мен НАТО-ға мүше басқа елдерге зиян келтіретін тыңшылық жасады" деген айып тағылды
Sputnik
АСТАНА, 13 тамыз - Sputnik. Қорғаныс министрлігінің халықаралық қатынастар орталығы Польша құқық қорғау органдарының қазақстандық әскери атташенің аппарат қызметкерін ұстау фактісін растады.
"Қазіргі уақытта бұл жағдайды шешу үшін шетелдік тараппен өзара іс-қимыл жасалып жатыр. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қажетті шаралар қабылданады", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Польша прокуратурасы Азиядағы мемлекеттің азаматын "Польша мен НАТО-ға мүше басқа елдерге зиян келтіретін тыңшылық жасады деп айыптауға мүмкіндік беретін дәлелдер анықталғандықтан" ұстағанын мәлімдеген.
Атташе аппаратының қызметкерін ұстауды 30 шілдеде Быдгощ қаласында ішкі қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлері жүргізген.
Күдікті 5 жылдан 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол кінәсін мойындамады.
Қазақстан ОПЕК+ келісімдерін берік ұстанатынын растады