https://sputnik.kz/20250813/qorganys-ministrligi-polshada-askeri-attashenin-apparat-qyzmetkeri-ustalganyn-rastady-56349883.html
Қорғаныс министрлігі Польшада әскери атташенің аппарат қызметкері ұсталғанын растады
Қорғаныс министрлігі Польшада әскери атташенің аппарат қызметкері ұсталғанын растады
Sputnik Қазақстан
Оған "Польша мен НАТО-ға мүше басқа елдерге зиян келтіретін тыңшылық жасады" деген айып тағылды 13.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-13T17:32+0500
2025-08-13T17:32+0500
2025-08-13T17:32+0500
қазақстан
нато
https://sputnik.kz/img/1234/66/12346667_0:159:3077:1889_1920x0_80_0_0_ddada22210e9a36951eaa4fa054254d7.jpg
АСТАНА, 13 тамыз - Sputnik. Қорғаныс министрлігінің халықаралық қатынастар орталығы Польша құқық қорғау органдарының қазақстандық әскери атташенің аппарат қызметкерін ұстау фактісін растады.Бұған дейін Польша прокуратурасы Азиядағы мемлекеттің азаматын "Польша мен НАТО-ға мүше басқа елдерге зиян келтіретін тыңшылық жасады деп айыптауға мүмкіндік беретін дәлелдер анықталғандықтан" ұстағанын мәлімдеген.Атташе аппаратының қызметкерін ұстауды 30 шілдеде Быдгощ қаласында ішкі қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлері жүргізген.Күдікті 5 жылдан 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол кінәсін мойындамады.
https://sputnik.kz/20250405/qazaqstan-opek-kelisimderin-berik-ustanatynyn-rastady-52252058.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1234/66/12346667_173:0:2902:2047_1920x0_80_0_0_90a06dbbc1ff406f3a24ed669425e225.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, нато
Қорғаныс министрлігі Польшада әскери атташенің аппарат қызметкері ұсталғанын растады
Оған "Польша мен НАТО-ға мүше басқа елдерге зиян келтіретін тыңшылық жасады" деген айып тағылды
АСТАНА, 13 тамыз - Sputnik. Қорғаныс министрлігінің халықаралық қатынастар орталығы Польша құқық қорғау органдарының қазақстандық әскери атташенің аппарат қызметкерін ұстау фактісін растады.
"Қазіргі уақытта бұл жағдайды шешу үшін шетелдік тараппен өзара іс-қимыл жасалып жатыр. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қажетті шаралар қабылданады", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Польша прокуратурасы Азиядағы мемлекеттің азаматын "Польша мен НАТО-ға мүше басқа елдерге зиян келтіретін тыңшылық жасады деп айыптауға мүмкіндік беретін дәлелдер анықталғандықтан" ұстағанын мәлімдеген.
Атташе аппаратының қызметкерін ұстауды 30 шілдеде Быдгощ қаласында ішкі қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлері жүргізген.
Күдікті 5 жылдан 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол кінәсін мойындамады.