https://sputnik.kz/20250405/qazaqstan-opek-kelisimderin-berik-ustanatynyn-rastady-52252058.html
Қазақстан ОПЕК+ келісімдерін берік ұстанатынын растады
Қазақстан ОПЕК+ келісімдерін берік ұстанатынын растады
Sputnik Қазақстан
Комитет нарық тұрақтылығын қолдау мақсатында сегіз елдің қосымша ерікті қысқартуларын жоғары бағалады 05.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-05T19:29+0500
2025-04-05T19:29+0500
2025-04-05T19:29+0500
мұнай
қазақстан
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e9/04/05/52250724_0:0:1281:720_1920x0_80_0_0_684ffd388de9caf44b06496a812e929c.jpg
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Бейнеконференция форматындағы ОПЕК+ Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің (JMMC) 59-шы отырысына энергетика министрі Ерлан Аккенженов қатысты, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Отырыс барысында 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында ОПЕК+ келісімі шеңберінде қатысушы елдердің өз міндеттемелерін орындау көрсеткіштері қарастырылып, ОПЕК+ елдері бойынша жалпы орындау деңгейі атап өтілді, сондай-ақ жаһандық мұнай нарығындағы қазіргі үрдістер талқыланды.Комитет нарық тұрақтылығын қолдау мақсатында сегіз елдің қосымша ерікті қысқартуларын жоғары бағалап, барлық міндеттемелердің толық орындалуы мен өтемақы шараларын жүзеге асырудың аса маңызды екенін атап өтті.Сонымен қатар, министрлік Қазақстан сондай-ақ 3 сәуірде өткен кездесуге қатысқанын хабарлады. Бұл жиында қосымша ерікті қысқартуларды жүзеге асырып жатқан сегіз мемлекет, оның ішінде Қазақстан да, нарық жағдайына бірлескен бағалау жүргізді. 3 сәуірдегі кездесу қорытындысы бойынша қалыптасқан конъюнктура мен тұрақтылық мүдделерін ескере отырып, мұнай көлемін нарыққа кезең-кезеңімен қайтарудың бұрын келісілген кестесіне түзету енгізу туралы шешім қабылданды.Қазақстан ОПЕК+ аясындағы келісімдерді ұстануды жалғастырып, халықаралық міндеттемелер мен ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып, альянс серіктестерімен сындарлы өзара іс-қимылды жалғастырады.
https://sputnik.kz/20241002/qazaqstan-resey-zhane-irak-opek-boyynsha-mindettemesin-oryndady-47503321.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/05/52250724_111:0:1071:720_1920x0_80_0_0_5ccea2f816ed8fbf73b73f7deca77da2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, қазақстан, министрлік
мұнай, қазақстан, министрлік
Қазақстан ОПЕК+ келісімдерін берік ұстанатынын растады
Комитет нарық тұрақтылығын қолдау мақсатында сегіз елдің қосымша ерікті қысқартуларын жоғары бағалады
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Бейнеконференция форматындағы ОПЕК+ Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің (JMMC) 59-шы отырысына энергетика министрі Ерлан Аккенженов қатысты, деп хабарлады
ведомствоның баспасөз қызметі.
Отырыс барысында 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында ОПЕК+ келісімі шеңберінде қатысушы елдердің өз міндеттемелерін орындау көрсеткіштері қарастырылып, ОПЕК+ елдері бойынша жалпы орындау деңгейі атап өтілді, сондай-ақ жаһандық мұнай нарығындағы қазіргі үрдістер талқыланды.
Комитет нарық тұрақтылығын қолдау мақсатында сегіз елдің қосымша ерікті қысқартуларын жоғары бағалап, барлық міндеттемелердің толық орындалуы мен өтемақы шараларын жүзеге асырудың аса маңызды екенін атап өтті.
Сонымен қатар, министрлік Қазақстан сондай-ақ 3 сәуірде өткен кездесуге қатысқанын хабарлады. Бұл жиында қосымша ерікті қысқартуларды жүзеге асырып жатқан сегіз мемлекет, оның ішінде Қазақстан да, нарық жағдайына бірлескен бағалау жүргізді. 3 сәуірдегі кездесу қорытындысы бойынша қалыптасқан конъюнктура мен тұрақтылық мүдделерін ескере отырып, мұнай көлемін нарыққа кезең-кезеңімен қайтарудың бұрын келісілген кестесіне түзету енгізу туралы шешім қабылданды.
Қазақстан ОПЕК+ аясындағы келісімдерді ұстануды жалғастырып, халықаралық міндеттемелер мен ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып, альянс серіктестерімен сындарлы өзара іс-қимылды жалғастырады.