Қазақстан, Ресей және Ирак ОПЕК+ бойынша міндеттемесін орындады

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуЗаседание ОПЕК в Вене
Заседание ОПЕК в Вене - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2024
Жазылу
Келесі жолы ОПЕК+ келісіміне кіретін елдердің министрлері желтоқсан айында кездеседі
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. ОПЕК Бірлескен мониторинг комитетінің 56-шы отырысында шілде және тамыз айларындағы шикі мұнай өндіру мәліметі мен нарық жағдайы талқыланды.
"Кездесу барысында Ирак, Қазақстан және Ресей қыркүйек айында ұсынылған өтемақы жоспарларына сәйкес өз міндеттемесін толығымен орындағанын растады", - деп жазылған хабарламада.
Үш ел келісімнің қалған мерзімінде міндеттемелерін орындауға және өтемақы төлеуге бейілділігін растады.
Әрбір ел тамыз және қыркүйек айларында аналитикалық агенттіктермен өтемақы жоспарларын орындау туралы үш жеке техникалық семинар өткізді
Мониторинг комитетінің келесі 57-ші отырысы 2024 жылғы 1 желтоқсанда өтеді деп жоспарлануда.
Жаңалықтар
0