Абайдың 180 жылдығына этноауыл ашылды

Этноауыл аумағында 10-нан астам киіз үй тігілді
Sputnik
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар аясында Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында этноауыл ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Этноауыл аумағында 10-нан астам киіз үй тігілді. Ал жергілікті өнерпаздардың қатысуымен он күн бойы концерттік бағдарламалар мен театрландырылған қойылымдар болады.
Этноауылда ұлттық тағамдардан дәм татып, қазақ халқының әдеп-ғұрыптарымен қатар өзге этностардың мәдениетімен де танысуға мүмкіндік болады.
Бүгінгі этноауылда "Асыл мұра" қолөнер шеберлерінің облыстық фестивалі басталды. Фестиваль қорытындысы бойынша "Аламан құрақ-2025" байқауының жеңімпаздары марапатталады.
Жалпы, 1-10 тамыз аралығында этноауылда қазақ күресі, каратэ-до кекушинкай, таэквондо, садақ ату, қол күресі, дойбы, тоғызқұмалақ, турникке тартылу, гір көтеру, асық ату сынды ұлттық және заманауи спорт түрлерінен ашық қалалық чемпионаттар өтеді.
Абайға 180 жыл: Абай облысына үш аймақтан полиция күштері тартылады