https://sputnik.kz/20250801/abaydyn-180-zhyldygyna-etnoauyl-ashyldy-56106856.html
Абайдың 180 жылдығына этноауыл ашылды
Абайдың 180 жылдығына этноауыл ашылды
Sputnik Қазақстан
Этноауыл аумағында 10-нан астам киіз үй тігілді 01.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-01T16:08+0500
2025-08-01T16:08+0500
2025-08-01T16:18+0500
абай облысы
этноауыл
https://sputnik.kz/img/07e9/08/01/56106558_0:133:2560:1573_1920x0_80_0_0_229be66306a584c39cd6375b82cc3153.jpg
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар аясында Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында этноауыл ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.Этноауыл аумағында 10-нан астам киіз үй тігілді. Ал жергілікті өнерпаздардың қатысуымен он күн бойы концерттік бағдарламалар мен театрландырылған қойылымдар болады.Этноауылда ұлттық тағамдардан дәм татып, қазақ халқының әдеп-ғұрыптарымен қатар өзге этностардың мәдениетімен де танысуға мүмкіндік болады.Бүгінгі этноауылда "Асыл мұра" қолөнер шеберлерінің облыстық фестивалі басталды. Фестиваль қорытындысы бойынша "Аламан құрақ-2025" байқауының жеңімпаздары марапатталады.Жалпы, 1-10 тамыз аралығында этноауылда қазақ күресі, каратэ-до кекушинкай, таэквондо, садақ ату, қол күресі, дойбы, тоғызқұмалақ, турникке тартылу, гір көтеру, асық ату сынды ұлттық және заманауи спорт түрлерінен ашық қалалық чемпионаттар өтеді.
https://sputnik.kz/20250731/abayga-180-zhyl-abay-oblysyna-ush-aymaqtan-politsiya-kushteri-tartylady-56081652.html
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/01/56106558_143:0:2418:1706_1920x0_80_0_0_da41d17d2b4f3f5cdfc60de438a3fc4b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай облысы, этноауыл
Абайдың 180 жылдығына этноауыл ашылды
16:08 01.08.2025 (жаңартылды: 16:18 01.08.2025) Этноауыл аумағында 10-нан астам киіз үй тігілді
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар аясында Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында этноауыл ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдіктің
ресми сайтына сілтеме жасап.
Этноауыл аумағында 10-нан астам киіз үй тігілді. Ал жергілікті өнерпаздардың қатысуымен он күн бойы концерттік бағдарламалар мен театрландырылған қойылымдар болады.
Этноауылда ұлттық тағамдардан дәм татып, қазақ халқының әдеп-ғұрыптарымен қатар өзге этностардың мәдениетімен де танысуға мүмкіндік болады.
Бүгінгі этноауылда "Асыл мұра" қолөнер шеберлерінің облыстық фестивалі басталды. Фестиваль қорытындысы бойынша "Аламан құрақ-2025" байқауының жеңімпаздары марапатталады.
Жалпы, 1-10 тамыз аралығында этноауылда қазақ күресі, каратэ-до кекушинкай, таэквондо, садақ ату, қол күресі, дойбы, тоғызқұмалақ, турникке тартылу, гір көтеру, асық ату сынды ұлттық және заманауи спорт түрлерінен ашық қалалық чемпионаттар өтеді.