Абайға 180 жыл: Абай облысына үш аймақтан полиция күштері тартылады

© Photo : Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіАбай облысында Абайдың 180 жылдық мерейтойына дайындық қызу жүріп жатыр
Абай облысында Абайдың 180 жылдық мерейтойына дайындық қызу жүріп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2025
Жазылу
Жоспарланған 41 іс-шараның 11-і Абай ауданында, ал 30-ы облыс орталығында ұйымдастырылады
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Абай облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірнеше аймақтан қосымша полиция күштері тартылады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысында 1–10 тамыз аралығында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған кең ауқымды мерекелік іс-шаралар өтеді. Жоспарланған 41 іс-шараның 11-і Абай ауданында, ал 30-ы облыс орталығында ұйымдастырылады.
"Мерекелік іс-шаралар кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Абайдың 180 жылдығына арналған мерекелердің тыныш, лайықты әрі жоғары деңгейде өтуі үшін барлық күш пен құрал жұмылдырылады", – деді Абай облысы полиция департаментінің бастығы Бекторе Сұлтан.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Абай облысының тәртіп сақшыларымен қатар Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарынан қосымша полиция күштері тартылады.
Полиция хабарлағандай, ішкі істер органдары өңір тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге толық дайын. Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және тәртіп сақшыларының заңды талаптарын орындауға шақырады.
Жаңалықтар
0