Қазақстандықтар баспана алуға және емделуге зейнетақы қорынан қанша ақша жұмсады

Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс шамамен 350,7 млрд теңгеге жеткен
Sputnik
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерінің басым бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге жұмсаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
1 шілдедегі жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі 24 трлн теңгеден асты:
міндетті зейнетақы жарналары - 22,85 трлн теңге;
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары - 683,10 млрд теңге;
ерікті зейнетақы жарналары - 8,73 млрд теңге;
жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары - 463,98 млрд теңге.
Осылайша, бір жылдың ішінде қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 4 трлн теңгеге немесе 20,9 процентке өсті.
"Ал жыл басынан бері салымшылардың шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс шамамен 350,7 млрд теңгеге жетіп, алдыңғы айлардағы табыстың уақытша төмендеуін тоқтатты", - дейді қор мамандары.
Сонымен қатар қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерінің басым бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге жұмсағаны белгілі болды. Осы мақсаттарға барлығы 451,58 млрд теңге аударылды.
Басқа да төлемдер:
зейнет жасына толуына байланысты төлемдер - 118,79 млрд теңге;
мұрагерлік бойынша төлемдер - 34,58 млрд теңге;
Қазақстаннан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер 19,18 млрд теңге;
мүгедектігі бар адамдарға – 1,58 млрд теңге;
жерлеуге – 5,36 млрд теңге;
сақтандыру ұйымдарына - 151,78 млрд теңге.
"БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрі бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 782,87 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдерден 325,24 млрд теңгеге (немесе 71,1%) көп", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, бұған дейін қор мамандары шот ашқан адам қайтыс болған жағдайда зейнетақы және мақсатты жинақтар мұра ретінде қалай берілетінін түсіндірген.
Зейнетақы қоры ақшасын алмай жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады