https://sputnik.kz/20250620/zeynetaqy-qory-aqshasyn-aluga-asyqpaytyn-qazaqstandyqtarga-undeu-zhasady-54927916.html
Зейнетақы қоры ақшасын алмай жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады
Зейнетақы қоры ақшасын алмай жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады
Sputnik Қазақстан
Салымшы қайтыс болған жағдайда зейнетақы жинағы оның мұрагерлері талап еткенге дейін сақталады 20.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-20T14:57+0500
2025-06-20T14:57+0500
2025-06-20T14:59+0500
зейнет жасы
зейнетақы
зейнетақы қоры
зейнеткер
базалық зейнетақы
зейнетақы жинағы
https://sputnik.kz/img/639/76/6397616_0:55:1498:898_1920x0_80_0_0_71c5b426fbe87b41d618485b38113dc8.jpg
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. 2025 жылдың 1 маусымындағы мәлімет бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында сұрауы жоқ 37,3 млрд теңге жатыр. Қор бұл ақшаны кім ала алатынын және ол үшін не істеу керектігін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткен тұлғалардың талап етілмеген зейнетақы жинағының жалпы сомасы – шамамен 37,3 млрд теңге, бұл сома 264 695 жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) сақталған.Оның ішінде БЖЗҚ-ның мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алған мәліметтеріне сәйкес:Сұрауы жоқ зейнетақы жинағының жай-күйі қалай болмақ?Сұрауы жоқ зейнетақы жинағы инвестиция есебінде тұра береді, салымшылардың жеке зейнетақы шотында алушылар не олардың мұрагерлері (салымшы қайтыс болған жағдайда) талап еткенге дейін сақталады.Сұрау жоқ зейнетақы жинағы төлемін қалай алуға болады?Егер зейнеткер жинағынан төлем ресімдеуге өтініш бермесе, зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты зейнетақы жарнасының міндетті түрлері есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемін тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) жүгінуі қажет.Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемін алу құқығын елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинағы бар және отандық заңнамаға сәйкес қажет құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар пайдалана алады.Жинақ иесі қайтыс болған жағдайда не істеу керекБЖЗҚ-да зейнетақы жинағы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасы мүшелеріне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 94 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшері шегінде қайтыс болған адамның зейнетақы жинағы қаражаты есебінен, бірақ қайтыс болған адамның ЖЗШ-да бар қаражатынан аспайтын мөлшерде жерлеуге біржолғы төлем жүргізіледі.Сондай-ақ зейнетақы жинағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Зейнетақы жинағы бар адам қайтыс болғаннан кейін 6 ай ішінде оның мұрагерлері қайтыс болған адамның зейнетақы жинағы түріндегі мұрагерлік мүлікті ресімдеу және мұрагерлік құқығы туралы куәлік алу үшін нотариусқа жүгінуге тиіс. Егер өтініш беру мерзімі өтіп кетсе, мұрагерлік құқығын қалпына келтіру үшін сот органдарына жүгіну қажет.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/639/76/6397616_61:0:1394:1000_1920x0_80_0_0_2ddc7166b6a5bc2c30922dc72679a282.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнет жасы, зейнетақы, зейнетақы қоры, зейнеткер, базалық зейнетақы, зейнетақы жинағы
зейнет жасы, зейнетақы, зейнетақы қоры, зейнеткер, базалық зейнетақы, зейнетақы жинағы
Зейнетақы қоры ақшасын алмай жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады
14:57 20.06.2025 (жаңартылды: 14:59 20.06.2025) Салымшы қайтыс болған жағдайда зейнетақы жинағы оның мұрагерлері талап еткенге дейін сақталады
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. 2025 жылдың 1 маусымындағы мәлімет бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында сұрауы жоқ 37,3 млрд теңге жатыр. Қор бұл ақшаны кім ала алатынын және ол үшін не істеу керектігін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткен тұлғалардың талап етілмеген зейнетақы жинағының жалпы сомасы – шамамен 37,3 млрд теңге, бұл сома 264 695 жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) сақталған.
Оның ішінде БЖЗҚ-ның мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алған мәліметтеріне сәйкес:
148 335 адам қайтыс болған, олардың зейнетақы жинағын мұрагерлер талап ете алады;
59 800 адам Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетті;
56 560 адам жасына байланысты зейнетақысын ресімдеу үшін Мемлекеттік корпорацияға (тұрғылықты жері бойынша ХҚКО) әлі өтініш бермеген.
Сұрауы жоқ зейнетақы жинағының жай-күйі қалай болмақ?
Сұрауы жоқ зейнетақы жинағы инвестиция есебінде тұра береді, салымшылардың жеке зейнетақы шотында алушылар не олардың мұрагерлері (салымшы қайтыс болған жағдайда) талап еткенге дейін сақталады.
Сұрау жоқ зейнетақы жинағы төлемін қалай алуға болады?
Егер зейнеткер жинағынан төлем ресімдеуге өтініш бермесе, зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты зейнетақы жарнасының міндетті түрлері есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемін тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) жүгінуі қажет.
Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемін алу құқығын елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинағы бар және отандық заңнамаға сәйкес қажет құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар пайдалана алады.
Жинақ иесі қайтыс болған жағдайда не істеу керек
БЖЗҚ-да зейнетақы жинағы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасы мүшелеріне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 94 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшері шегінде қайтыс болған адамның зейнетақы жинағы қаражаты есебінен, бірақ қайтыс болған адамның ЖЗШ-да бар қаражатынан аспайтын мөлшерде жерлеуге біржолғы төлем жүргізіледі.
Сондай-ақ зейнетақы жинағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Зейнетақы жинағы бар адам қайтыс болғаннан кейін 6 ай ішінде оның мұрагерлері қайтыс болған адамның зейнетақы жинағы түріндегі мұрагерлік мүлікті ресімдеу және мұрагерлік құқығы туралы куәлік алу үшін нотариусқа жүгінуге тиіс. Егер өтініш беру мерзімі өтіп кетсе, мұрагерлік құқығын қалпына келтіру үшін сот органдарына жүгіну қажет.