https://sputnik.kz/20250505/bzhzq-dagy-muraga-qalatyn-zhinaqty-qalay-aluga-bolady-53188821.html
БЖЗҚ-дағы мұраға қалатын жинақты қалай алуға болады
БЖЗҚ-дағы мұраға қалатын жинақты қалай алуға болады
Sputnik Қазақстан
Мұраны алу үшін мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап 6 ай ішінде нотариусқа жүгіну қажет 05.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-05T22:48+0500
2025-05-05T22:48+0500
2025-05-05T22:48+0500
зейнетақы
зейнетақы жинағы
мұрагер
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15742539_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_0ff3cffa0858a66d9510291317c79597.jpg
АСТАНА, 5 мамыр - Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан шот ашқан адам қайтыс болған жағдайда зейнетақы және мақсатты жинақтар мұра ретінде беріледі, деп хабарлады БЖЗҚ баспасөз қызметі.Мұрагерлік рәсімделмей тұрып, марқұмның отбасы мүшелері оның жинақтары есебінен жерлеуге арналған біржолғы төлемді алуға құқылы – мөлшері 94 АЕК-тен аспауға тиіс және шоттағы қалдықтан көп болмауы керек.Қалған жинақтар заңнамаға сәйкес мұрагерлік жолмен беріледі. Айта кетері, мақсатты жинақтардан жерлеу төлемі қарастырылмаған.Мұраны алу үшін мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап 6 ай ішінде марқұмның тұрғылықты жері бойынша нотариусқа жүгіну қажет.2019 жылдан бастап нотариустар БЖЗҚ-дан мәліметтерді онлайн түрде сұратуға мүмкіндік алды – бұл мұрагерлік құқық туралы куәлікті рәсімдеуді жеделдетеді.Куәлік алынғаннан кейін құжаттарды тапсыру тәсілдері:Егер құжаттар шет мемлекетте берілсе, олар аударылып, заңдастырылуға тиіс (егер Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көрсетілмесе).Егер мұрагер шетел азаматы болса, аударылған және қажет болған жағдайда нотариалды куәландырылған шетелдік төлқұжатты ұсынуы қажет.Құжаттар толық тапсырылғаннан кейін, БЖЗҚ төлемді заңда белгіленген мерзімде төлейді.Қосымша ақпарат пен құжаттар тізімі - www.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ-ның YouTube арнасында қолжетімді.
https://sputnik.kz/20250101/2025-zhyly-zeynetaqy-men-zhardemaqy-qanshaga-kobeydi-49504170.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15742539_398:0:2647:1687_1920x0_80_0_0_15fa2476a2b79c3caced8f7f8a95114c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы, зейнетақы жинағы, мұрагер
зейнетақы, зейнетақы жинағы, мұрагер
БЖЗҚ-дағы мұраға қалатын жинақты қалай алуға болады
Мұраны алу үшін мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап 6 ай ішінде нотариусқа жүгіну қажет
АСТАНА, 5 мамыр - Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан шот ашқан адам қайтыс болған жағдайда зейнетақы және мақсатты жинақтар мұра ретінде беріледі, деп хабарлады БЖЗҚ баспасөз қызметі.
Мұрагерлік рәсімделмей тұрып, марқұмның отбасы мүшелері оның жинақтары есебінен жерлеуге арналған біржолғы төлемді алуға құқылы – мөлшері 94 АЕК-тен аспауға тиіс және шоттағы қалдықтан көп болмауы керек.
"Егер жерлеу төлемінен кейін шотта ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аз сома қалса, ол да жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді", - деп жазылған хабарламада.
Қалған жинақтар заңнамаға сәйкес мұрагерлік жолмен беріледі. Айта кетері, мақсатты жинақтардан жерлеу төлемі қарастырылмаған.
Мұраны алу үшін мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап 6 ай ішінде марқұмның тұрғылықты жері бойынша нотариусқа жүгіну қажет.
2019 жылдан бастап нотариустар БЖЗҚ-дан мәліметтерді онлайн түрде сұратуға мүмкіндік алды – бұл мұрагерлік құқық туралы куәлікті рәсімдеуді жеделдетеді.
Куәлік алынғаннан кейін құжаттарды тапсыру тәсілдері:
жеке өзі БЖЗҚ-ға бару арқылы,
сенім білдірілген тұлға арқылы,
Егер құжаттар шет мемлекетте берілсе, олар аударылып, заңдастырылуға тиіс (егер Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көрсетілмесе).
Егер мұрагер шетел азаматы болса, аударылған және қажет болған жағдайда нотариалды куәландырылған шетелдік төлқұжатты ұсынуы қажет.
Құжаттар толық тапсырылғаннан кейін, БЖЗҚ төлемді заңда белгіленген мерзімде төлейді.
Қосымша ақпарат пен құжаттар тізімі - www.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ-ның YouTube арнасында қолжетімді.