Астанада ерлі-зайыпты баласының "еміне" жинаған ақшаны құмар ойын мен саяхатқа жұмсаған

Олар науқас баланың еміне қаражат жеткілікті болғанымен, халықтан ақша жинауды тоқтатпаған
Sputnik
АЛМАТЫ, 25 шілде - Sputnik. Астанада ерлі-зайыпты баланың еміне деп халықты алдап, жинаған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Жоғарғы соттың хабарлауынша, ерлі-зайыпты Тотақановтар 2020-2024 жылдар аралығында әлеуметтік желі арқылы науқас баласының еміне ақша жинаған. Олар баланың диагнозын алға тартып, халықтың жәрдемдесуін өтінген.
Баланың еміне 50 млн теңге жинап бастаған. Алайда олар емге қажетті сома жиналғаннан кейін де, халықтан ақша жинауды тоқтатпаған.
Kozachkov offside мәліметінше 4 жыл ішінде баланың еміне 350 мыңнан астам адам ақша аударған. Түскен қаржы 1,3 миллиардтан асқан, ал баланың еміне тек 6 млн теңгеден астамы ғана жұмсалған.

"Қаражаттың едәуір бөлігі, 1,3 млрд теңгеден астам қаржы жеке қажеттіліктерге - құмар ойындарға, брендтік киімдерге, саяхаттауға жұмсалған. Ақша Тотақанованың, оның анасының және тіпті 2021 жылы қайтыс болған әжесінің шоттарына түскен", - дейді Жоғарғы сот.

Ерлі-зайыпты Тотақановтарға Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылды. Іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралады.
Қазіргі уақытта істі прокуратура толықтыру үшін қайтарып алған.
Науқас балаларға жиналған ақшаны жымқырған: Ақтөбеде қоғамдық қор басшысы сотталды