https://sputnik.kz/20250725/astanada-erli-zayypty-balasynyn-emine-zhinalgan-aqshaga-sayakhattap-qumar-oyyn-oynagan---55933899.html
Астанада ерлі-зайыпты баласының "еміне" жинаған ақшаны құмар ойын мен саяхатқа жұмсаған
Астанада ерлі-зайыпты баласының "еміне" жинаған ақшаны құмар ойын мен саяхатқа жұмсаған
Sputnik Қазақстан
Олар науқас баланың еміне қаражат жеткілікті болғанымен, халықтан ақша жинауды тоқтатпаған 25.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-25T13:09+0500
2025-07-25T13:09+0500
2025-07-25T13:21+0500
алаяқ
астана
бала
емделу
ақша жинау
https://sputnik.kz/img/07e4/07/14/14523643_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_597d45cc60a8e0771478363415eae7cc.jpg
АЛМАТЫ, 25 шілде - Sputnik. Астанада ерлі-зайыпты баланың еміне деп халықты алдап, жинаған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Жоғарғы соттың хабарлауынша, ерлі-зайыпты Тотақановтар 2020-2024 жылдар аралығында әлеуметтік желі арқылы науқас баласының еміне ақша жинаған. Олар баланың диагнозын алға тартып, халықтың жәрдемдесуін өтінген. Баланың еміне 50 млн теңге жинап бастаған. Алайда олар емге қажетті сома жиналғаннан кейін де, халықтан ақша жинауды тоқтатпаған.Kozachkov offside мәліметінше 4 жыл ішінде баланың еміне 350 мыңнан астам адам ақша аударған. Түскен қаржы 1,3 миллиардтан асқан, ал баланың еміне тек 6 млн теңгеден астамы ғана жұмсалған. Ерлі-зайыпты Тотақановтарға Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылды. Іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралады. Қазіргі уақытта істі прокуратура толықтыру үшін қайтарып алған.
https://sputnik.kz/20241023/nauqas-balalarga-zhinalgan-aqshany-zhymqyrgan-aqtobede-qogamdyq-qor-basshysy-sottaldy-48039329.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/14/14523643_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_3d39534c4d1928345276fe65c818ed3f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқ, астана, бала, емделу, ақша жинау
алаяқ, астана, бала, емделу, ақша жинау
Астанада ерлі-зайыпты баласының "еміне" жинаған ақшаны құмар ойын мен саяхатқа жұмсаған
13:09 25.07.2025 (жаңартылды: 13:21 25.07.2025) Олар науқас баланың еміне қаражат жеткілікті болғанымен, халықтан ақша жинауды тоқтатпаған
АЛМАТЫ, 25 шілде - Sputnik. Астанада ерлі-зайыпты баланың еміне деп халықты алдап, жинаған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Жоғарғы соттың хабарлауынша, ерлі-зайыпты Тотақановтар 2020-2024 жылдар аралығында әлеуметтік желі арқылы науқас баласының еміне ақша жинаған. Олар баланың диагнозын алға тартып, халықтың жәрдемдесуін өтінген.
Баланың еміне 50 млн теңге жинап бастаған. Алайда олар емге қажетті сома жиналғаннан кейін де, халықтан ақша жинауды тоқтатпаған.
Kozachkov offside мәліметінше 4 жыл ішінде баланың еміне 350 мыңнан астам адам ақша аударған. Түскен қаржы 1,3 миллиардтан асқан, ал баланың еміне тек 6 млн теңгеден астамы ғана жұмсалған.
"Қаражаттың едәуір бөлігі, 1,3 млрд теңгеден астам қаржы жеке қажеттіліктерге - құмар ойындарға, брендтік киімдерге, саяхаттауға жұмсалған. Ақша Тотақанованың, оның анасының және тіпті 2021 жылы қайтыс болған әжесінің шоттарына түскен", - дейді Жоғарғы сот.
Ерлі-зайыпты Тотақановтарға Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылды. Іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралады.
Қазіргі уақытта істі прокуратура толықтыру үшін қайтарып алған.