https://sputnik.kz/20241023/nauqas-balalarga-zhinalgan-aqshany-zhymqyrgan-aqtobede-qogamdyq-qor-basshysy-sottaldy-48039329.html
Науқас балаларға жиналған ақшаны жымқырған: Ақтөбеде қоғамдық қор басшысы сотталды
Науқас балаларға жиналған ақшаны жымқырған: Ақтөбеде қоғамдық қор басшысы сотталды
Sputnik Қазақстан
Ақтөбе қаласының № 2 сотында "More Life" қоғамдық қорының директоры Бибігүл Жулинаға қатысты қылмыстық іс қаралды 23.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-23T22:44+0500
2024-10-23T22:44+0500
2024-10-23T22:44+0500
алаяқтық
ақтөбе
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:240:1280:960_1920x0_80_0_0_a75c4afc8dc3faf9fbd513c83fad7500.jpg
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Ақтөбеде қайырымдылыққа деп жиналған 44 млн теңгеге жуық қаржыны жымқырған "More Life" қоғамдық қорының директорына сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.Қор басшысы 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.Оған Қылмыстық кодекстің "Алаяқтық" бабы бойынша айып тағылды.Іс материалына сүйенсек, "More Life" қоғамдық қорының директоры 2022-2024 жылдар аралығында науқас балалардың ата-аналарының шоттарына түскен ақшалай қаражатты өзіне иемденген.Шығын көлемі 43 889 429 теңгені құрады. Сот отырысында сотталушы кінәсін мойындамады. Тіпті жауап беруден бас тартты.Жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтары, банктік шоттардан алынған көшірме сотталушының кәнісін дәлелдеді.
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_e1546a2e7e62ccd162f6130d627bca4a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық, ақтөбе
Науқас балаларға жиналған ақшаны жымқырған: Ақтөбеде қоғамдық қор басшысы сотталды
Ақтөбе қаласының № 2 сотында "More Life" қоғамдық қорының директоры Бибігүл Жулинаға қатысты қылмыстық іс қаралды
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Ақтөбеде қайырымдылыққа деп жиналған 44 млн теңгеге жуық қаржыны жымқырған "More Life" қоғамдық қорының директорына сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.
Қор басшысы 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Оған Қылмыстық кодекстің "Алаяқтық" бабы бойынша айып тағылды.
Іс материалына сүйенсек, "More Life" қоғамдық қорының директоры 2022-2024 жылдар аралығында науқас балалардың ата-аналарының шоттарына түскен ақшалай қаражатты өзіне иемденген.
Шығын көлемі 43 889 429 теңгені құрады. Сот отырысында сотталушы кінәсін мойындамады. Тіпті жауап беруден бас тартты.
Жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтары, банктік шоттардан алынған көшірме сотталушының кәнісін дәлелдеді.
"Сот сотталушыны кінәлі деп танып, 10 жыл мерзімге коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жәбірленушілердің материалдық залал сомасын өндіріп алу туралы азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", — деп хабарлады Ақтөбе облысы сотының баспасөз қызметі.