АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Түркістан облысында салоннан сатып алған көлігі бұзылып қалған тұрғынның құқығы қорғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Сауда және интеграция министрілігіне сілтеме жасап.
Ол биыл мамыр айында Шымкент қаласындағы автосалоннан жаңа қытайлық көлік сатып алған. Темір тұлпарға кепілдік берілген. Алайда бірінше күннен кейін трансмиссия мен басқару электроникасынан ақау шыға бастайды. Көлік иесі оны бірнеше рет сервистік қызметке тапсырып көрген. Алайда ештеңе өзгермейді.
Осыдан кейін ер адам автосалонға ресми шағым жіберіп, көлікті жаңасына ауыстыруды немесе ақшаны қайтаруды талап еткен. Бірақ салон ресми жауап бермейді. Содан көлік иесі тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне арыз түсіреді.
"Департамент қызметкерлері жағдайды жан-жақты зерделеп, заң аясында тиісті шаралар қолданды. Соның нәтижесінде тұтынушының талабы қанағаттандырылып, оның құқығы толықтай қорғалады. Бұл жағдай көлік сатып алған тұтынушының табандылығы мен тиісті мемлекеттік органның араласуының нәтижесінде әділ шешімін тапты", - дейді министрлік мамандары.