https://sputnik.kz/20250723/turkistan-oblysynda-sapasyz-kolik-satyp-algan-turgynnyn-quqygy-qorgaldy-55873039.html
Түркістан облысында сапасыз көлік сатып алған тұрғынның құқығы қорғалды
Түркістан облысында сапасыз көлік сатып алған тұрғынның құқығы қорғалды
Sputnik Қазақстан
Көлік дауы тұтынушының табандылығы мен мемлекеттік органның араласуының нәтижесінде әділ шешімін тапты 23.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-23T21:30+0500
2025-07-23T21:30+0500
2025-07-23T21:30+0500
автокөлік
тұтынушылар
https://sputnik.kz/img/old/51/02/510291_0:0:361:203_1920x0_80_0_0_99a4d7740d6a293e136cb3d266cfc2df.jpg
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Түркістан облысында салоннан сатып алған көлігі бұзылып қалған тұрғынның құқығы қорғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Сауда және интеграция министрілігіне сілтеме жасап.Ол биыл мамыр айында Шымкент қаласындағы автосалоннан жаңа қытайлық көлік сатып алған. Темір тұлпарға кепілдік берілген. Алайда бірінше күннен кейін трансмиссия мен басқару электроникасынан ақау шыға бастайды. Көлік иесі оны бірнеше рет сервистік қызметке тапсырып көрген. Алайда ештеңе өзгермейді.Осыдан кейін ер адам автосалонға ресми шағым жіберіп, көлікті жаңасына ауыстыруды немесе ақшаны қайтаруды талап еткен. Бірақ салон ресми жауап бермейді. Содан көлік иесі тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне арыз түсіреді."Департамент қызметкерлері жағдайды жан-жақты зерделеп, заң аясында тиісті шаралар қолданды. Соның нәтижесінде тұтынушының талабы қанағаттандырылып, оның құқығы толықтай қорғалады. Бұл жағдай көлік сатып алған тұтынушының табандылығы мен тиісті мемлекеттік органның араласуының нәтижесінде әділ шешімін тапты", - дейді министрлік мамандары.
https://sputnik.kz/20250317/kostanaydagy-kia-avtokolik-zauyty-biyl-iske-qosylady-51656320.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/51/02/510291_44:0:315:203_1920x0_80_0_0_983f1dca64d938f0a63071a1f8e6901f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автокөлік, тұтынушылар
Түркістан облысында сапасыз көлік сатып алған тұрғынның құқығы қорғалды
Көлік дауы тұтынушының табандылығы мен мемлекеттік органның араласуының нәтижесінде әділ шешімін тапты
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Түркістан облысында салоннан сатып алған көлігі бұзылып қалған тұрғынның құқығы қорғалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Сауда және интеграция министрілігіне сілтеме жасап.
Ол биыл мамыр айында Шымкент қаласындағы автосалоннан жаңа қытайлық көлік сатып алған. Темір тұлпарға кепілдік берілген. Алайда бірінше күннен кейін трансмиссия мен басқару электроникасынан ақау шыға бастайды. Көлік иесі оны бірнеше рет сервистік қызметке тапсырып көрген. Алайда ештеңе өзгермейді.
Осыдан кейін ер адам автосалонға ресми шағым жіберіп, көлікті жаңасына ауыстыруды немесе ақшаны қайтаруды талап еткен. Бірақ салон ресми жауап бермейді. Содан көлік иесі тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне арыз түсіреді.
"Департамент қызметкерлері жағдайды жан-жақты зерделеп, заң аясында тиісті шаралар қолданды. Соның нәтижесінде тұтынушының талабы қанағаттандырылып, оның құқығы толықтай қорғалады. Бұл жағдай көлік сатып алған тұтынушының табандылығы мен тиісті мемлекеттік органның араласуының нәтижесінде әділ шешімін тапты", - дейді министрлік мамандары.