Костанайдағы KIA автокөлік зауыты биыл іске қосылады

© Photo : АкордаҚостанайдағы өнеркәсіптік нысандар
Қостанайдағы өнеркәсіптік нысандар - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2025
Жазылу
Автомобиль өнеркәсібіндегі жаңа жобалардың арқасында 2025 жылы саладағы өндіріс көлемі 5%-ға артады деп күтілуде
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Биыл елімізде жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын 190 жоба іске қосылып, 20,1 мың жаңа жаңа жұмыс орны ашылады. Аталмыш жобалар толық қуатына шыққанда өндіріс көлемі 2,2 трлн теңгеге дейін жетеді деп күтілуде, деп хабарлады өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
2025-2035 жылдары министрлік металлургия, машина жасау және химия өнеркәсібі салаларында 9 ірі жобаны жүзеге асырады. Олар жобалық қуатына жеткенде өндірілетін өнім көлемі шамамен 7,3 млрд долларды құрайды.
Аталмыш жобаларға 6 трлн теңге көлемінде инвестиция тартылып, 12 мың жұмыс орны ашылады. Бұл жобалар президенттің тапсырмасымен әзірленген, олар 25 мың жұмыс орнын ашуды көздейтін 17 ірі жоба тізімінің бір бөлігі.

"Бұл кәсіпорындар машина жасау және автомобиль жасау кәсіпорындары үшін жаңа өнімдер шығаруды қамтамасыз етеді, бұл Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін айтарлықтай нығайтады", - деді өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев.

Жоғарыда аталған тоғыз жобаның екеуі 2025 жылы іске қосылады. Қостанай облысында 1500 жұмыс орнын қамтамасыз ететін KIA автокөліктерін шығаратын зауыт іске қосылады, ол жылына 70 мың автокөлік өндіреді. Алматы қаласындағы Changan, Chery және Haval маркаларының автокөліктерін шығаратын мультибрендті зауыт 3600 жұмыс орнын қамтамасыз етіп, жылына 90 мың көлік шығаруға мүмкіндігі бар.
Автомобиль өнеркәсібіндегі жаңа жобалардың арқасында 2025 жылы саладағы өндіріс көлемі 5%-ға артады деп күтілуде. Жоспар бойынша 149 мың жеңіл көлік шығарылуы қажет.
Индустриалды жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстанда 15 арнайы экономикалық аймақ және 51 индустриалды аймақ жұмыс істейді. 2025 жылы осы аймақтарда 110 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Бүгінде Қазақстанның 8 облысында 34 шағын өнеркәсіп аймақтары жұмыс істейді. 2025 жылы 14 облыста шағын өнеркәсіп аймақтарын құру жоспарланып отыр.
Оңтүстік Қазақстандағы оқушылар - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2025
Дарынды оқушыларды қолдау: "SMART Daryn" сәуірде іске қосылады
Жаңалықтар
0