https://sputnik.kz/20250313/daryndy-oqushylardy-qoldau-smart-daryn-sauirde-iske-qosylady-51573005.html
Дарынды оқушыларды қолдау: "SMART Daryn" сәуірде іске қосылады
Дарынды оқушыларды қолдау: "SMART Daryn" сәуірде іске қосылады
Sputnik Қазақстан
Алдағы уақытта онлайн-сабақтар ұйымдастырылады 13.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-13T09:58+0500
2025-03-13T09:58+0500
2025-03-13T09:58+0500
оқушы
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/14/40299127_0:107:2048:1259_1920x0_80_0_0_a2590aba30e69eb9d7a7217328bc1066.jpg.webp
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. 2025 жылдың сәуір айынан бастап дарынды оқушылар мен педагогтерді қолдау мақсатында әзірленген "SMART Daryn" ұлттық цифрлық платформасы іске қосылады, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.Бұл цифрлық жоба республикалық және халықаралық сайыстарға оқушыларды дайындаудың маңызды құралына айналып, онлайн-білім алу мен тәжірибелі тренерлермен кеңесу мүмкіндігін ұсынып, оқушыларға білімдерін жетілдіруге және интеллектуалдық байқауларға дайындықтарын арттыруға көмектеседі.Бірінші кезеңде прокторинг жүйесін қолданып онлайн-олимпиадалар мен конкурстар өткізу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта онлайн-сабақтар ұйымдастырылады.Сонымен қатар платформада дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарына түсу үшін емтихандар өткізу жоспарланған. Қазіргі таңда Қазақстанда 130-дан астам мамандандырылған мектеп бар. Сондай-ақ SMART Daryn педагогтер үшін әдістемелік материалдар мен кеңестерден тұратын онлайн-кітапхана ұсынатын болады.
https://sputnik.kz/20250311/koktemgi-kanikul-oqushylar-neshe-kun-demalady-51506259.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/14/40299127_114:0:1934:1365_1920x0_80_0_0_2d62d6b0a15e47bc88e1862643b1c236.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы, министрлік
Дарынды оқушыларды қолдау: "SMART Daryn" сәуірде іске қосылады
Алдағы уақытта онлайн-сабақтар ұйымдастырылады
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. 2025 жылдың сәуір айынан бастап дарынды оқушылар мен педагогтерді қолдау мақсатында әзірленген "SMART Daryn" ұлттық цифрлық платформасы іске қосылады, деп хабарлады
оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұл цифрлық жоба республикалық және халықаралық сайыстарға оқушыларды дайындаудың маңызды құралына айналып, онлайн-білім алу мен тәжірибелі тренерлермен кеңесу мүмкіндігін ұсынып, оқушыларға білімдерін жетілдіруге және интеллектуалдық байқауларға дайындықтарын арттыруға көмектеседі.
Бірінші кезеңде прокторинг жүйесін қолданып онлайн-олимпиадалар мен конкурстар өткізу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта онлайн-сабақтар ұйымдастырылады.
"Платформа дарынды оқушылардың дамуына және педагогтердің біліктілігін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашып, оқу процесіне заманауи білім беру технологияларын енгізуге ықпал етеді. Біз SMART Daryn жобасы дарынды оқушылар үшін сапалы білім алуды айтарлықтай жеңілдетіп, білім беру жүйесінің барлық қатысушылары арасында тиімді өзара әрекеттестік орнататынына сенімдіміз", — дейді "Дарын" РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.
Сонымен қатар платформада дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарына түсу үшін емтихандар өткізу жоспарланған. Қазіргі таңда Қазақстанда 130-дан астам мамандандырылған мектеп бар. Сондай-ақ SMART Daryn педагогтер үшін әдістемелік материалдар мен кеңестерден тұратын онлайн-кітапхана ұсынатын болады.