Көктемгі каникул: оқушылар неше күн демалады

© Photo : акиматМектеп оқушыларының көктемгі демалысы
Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2025
Жазылу
Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу үшін "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы әзірленді
АСТАНА, 11 наурыз — Sputnik. Қазақстандық мектептерде көктемгі каникул күнтізбелік 11 күнге созылады. Оқушылар 21 наурыздан 31 наурызға дейін демалады. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
"Мектеп оқушыларының көктемгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары жасалды. Сондай-ақ 1-4, 5-9 және 10-11 сынып оқушыларына арналған гайдбук әзірленді. Онда әр демалыс күні Наурызнаманың онкүндігімен байланысты және қоғамның маңызды аспектілеріне: отбасылық құндылықтарға, мәдениетке, ұлттық дәстүрлерге, қайырымдылыққа, спортқа мән берілді", - дейді министрліктегілер.
Мектептерде бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізу жоспарланған:
театр фестивальдері мен қойылымдары;
шеберлік сабақтары;
қауіпсіздік сабақтары;
мұражайларға, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсиялар;
спорттық ойындар;
қайырымдылық акциялары және басқа да шаралар.
Ең бастысы - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алуға, мектептің ішкі тәртібін сақтауға, балалардың көшедегі қауіпсіздігіне, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздікке ерекше назар аударылады.
Абай облысында екі ескі мектеп балабақша ретінде ашылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2025
Абай облысында екі ескі мектеп балабақша ретінде ашылады
Жаңалықтар
0