Абай облысында екі ескі мектеп балабақша ретінде ашылады

© Абай облысының әкімдігіАбай облысында екі ескі мектеп балабақша ретінде ашылады
Абай облысында екі ескі мектеп балабақша ретінде ашылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2025
Жазылу
Оқу процесі биылғы оқу жылының 4-тоқсанында басталады деп жоспарланып отыр
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Абай облысында ескі мектептің оқушылары жаңа мектепке ауысып, бұрынғы білім ғимараты балабақша ретінде ашылады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктегілер.
Абай облысының әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауданына жұмыс сапарымен барды.
"Аймақ басшысы сапарын Бесқарағай ауылында "Жайлы мектеп" бағдарламасымен салынған мектепті аралаудан бастады. 300 орындық білім ордасының құрылысы толық аяқталған. Оқу процесі биылғы оқу жылының 4-тоқсанында басталады деп жоспарланып отыр. Алайда нысанға тапсырыс беруші "Samruk Kazyna Construction" АҚ электрмен жабдықтауға қатысты туындаған мәселеге байланысты ғимаратты жергілікті атқарушы органдардың балансына бермеген", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Аудан орталығында 2 мектеп бар. Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектеп балабақшаға бейімделген ғимаратта орналасқан. Мұнда 500-ге жуық оқушы білім алуда. Білім басқармасының басшысы облыс әкіміне мектеп оқушыларының барлығын жаңа салынған білім ордасына орналастырып, ғимаратты балабақша ретінде жаңғыртуды ұсынды.
Облыс әкімі Құрылыс басқармасының басшысына "Жайлы мектеп" бағдарламасымен бой көтерген мектептің құрылысын қатаң бақылауға алып, әр апта сайын жағдайды баяндап отыруды тапсырды. Құрылысқа тапсырыс берушіге ғимаратты барлық талаптарға сай қабылдап алуды жүктеді.
Мектептегі асхана - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2025
Биыл елдегі балабақшалардан 64 мың орын ашылады
Жаңалықтар
0