https://sputnik.kz/20250305/biyl-eldegi-balabaqshalardan-64-myn-oryn-ashylady-51353954.html
Биыл елдегі балабақшалардан 64 мың орын ашылады
Биыл елдегі балабақшалардан 64 мың орын ашылады
Sputnik Қазақстан
2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95 %-ға артады 05.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-05T09:58+0500
2025-03-05T09:58+0500
2025-03-05T09:58+0500
балабақша
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/13/48641147_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_689b794aca81d5c7f7d9c93c251d5797.jpg
АСТАНА, 5 наурыз — Sputnik. 2025 жылы кезекте тұрған 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтуды 95%-ға арттыру жоспарлануда, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.Осы мақсатта жаңадан 64 мың орын ашылады, жыл басынан бері 1,6 мың орындық 20 мектепке дейінгі ұйым қолданысқа берілді.Мектепке дейінгі білім берумен қамтуды арттыру жаңа нысан салу, жұмыс жасап тұрған балабақшаларды реконструкциялау, жаңғырту, шағын орталықтар санын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік тапсырысты ваучерлік қаржыландыру арқылы енгізу есебінен жүргізіледі.Жалпы, 2027 жылға дейін кешенді жоспар шеңберінде мектепке дейінгі ұйымдарда жаңадан 300 мың орын қолданысқа беру жоспарлануда. Бүгінгі таңда Қазақстанда 11,6 мың балабақшаға 1 миллионға жуық бала барады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/13/48641147_200:0:1400:900_1920x0_80_0_0_9c5c2a40570e4f849b56acedb76eace9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балабақша, министрлік
Биыл елдегі балабақшалардан 64 мың орын ашылады
2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95 %-ға артады
АСТАНА, 5 наурыз — Sputnik. 2025 жылы кезекте тұрған 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтуды 95%-ға арттыру жоспарлануда, деп хабарлады
оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Осы мақсатта жаңадан 64 мың орын ашылады, жыл басынан бері 1,6 мың орындық 20 мектепке дейінгі ұйым қолданысқа берілді.
Мектепке дейінгі білім берумен қамтуды арттыру жаңа нысан салу, жұмыс жасап тұрған балабақшаларды реконструкциялау, жаңғырту, шағын орталықтар санын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік тапсырысты ваучерлік қаржыландыру арқылы енгізу есебінен жүргізіледі.
"Ваучерлік қаржыландыру жүйесі іске қосылған сәттен бастап ата-аналарға 99 мың ваучер берілді, бұл олар үшін балабақшаны өз бетінше таңдау мүмкіндігі. Пилоттық жобаға Тараз, Түркістан, Шымкент, Орал және Астана қалалары қатысуда. Өңірлердің дайындығына қарай бағдарлама кеңейтілетін болады", - дейді министрліктің мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Манар Адамова.
Жалпы, 2027 жылға дейін кешенді жоспар шеңберінде мектепке дейінгі ұйымдарда жаңадан 300 мың орын қолданысқа беру жоспарлануда. Бүгінгі таңда Қазақстанда 11,6 мың балабақшаға 1 миллионға жуық бала барады.