АЛМАТЫ, 22 шілде - Sputnik. Прокурор Перизат Қайратты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Перизат Қайрат түбегейлі 10 жылға бас бостандығынан, "Шапағат" мемлекеттік марапатынан айырылсын", - деді прокурор.
Ал Перизаттың анасы Ғайни Алашбаеваны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
"Ғайни Алашбаева кінәлі деп танылып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілсін. Жәбірленушілерге моральдық және материалдық шығын ретінде қылмыстық жолымен алынған дүние-мүлкі тәркіленсін", - деді мемлекеттік айыптаушы.
Прокурор тәркіленетін дүниенің тізімін айтты:
Mercedes-Benz S450 - құны 88 млн теңге;
Mercedes-Benz EQE 500 - құны 30 млн теңге;
Lexus LX-600 - құны 80 млн теңге;
Haval H6 GT - құны Қазақстанда 20 млн теңгеден басталады;
Астанадағы элиталы саяжайда орналасқан коттедж.
Жарыссөз 23 шілдеде жалғасады.
Еске сала кетейік, Перизат Қайрат анасымен бірге қайырымдылық қорына жиналған 3,5 млрд теңгені жымқырды деп айыпталып отыр.