Прокурор Перизат Қайратты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

© Sputnik / СтрингерПрокурорлар Перизат Қайратты 10 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады
Прокурорлар Перизат Қайратты 10 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2025
Жазылу
Анасы Ғайни Алашбаеваға 8 жыл сұрады
АЛМАТЫ, 22 шілде - Sputnik. Прокурор Перизат Қайратты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Перизат Қайрат түбегейлі 10 жылға бас бостандығынан, "Шапағат" мемлекеттік марапатынан айырылсын", - деді прокурор.
Ал Перизаттың анасы Ғайни Алашбаеваны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Ғайни Алашбаева кінәлі деп танылып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілсін. Жәбірленушілерге моральдық және материалдық шығын ретінде қылмыстық жолымен алынған дүние-мүлкі тәркіленсін", - деді мемлекеттік айыптаушы.

Прокурор тәркіленетін дүниенің тізімін айтты:
Mercedes-Benz S450 - құны 88 млн теңге;
Mercedes-Benz EQE 500 - құны 30 млн теңге;
Lexus LX-600 - құны 80 млн теңге;
Haval H6 GT - құны Қазақстанда 20 млн теңгеден басталады;
Астанадағы элиталы саяжайда орналасқан коттедж.
Жарыссөз 23 шілдеде жалғасады.
Еске сала кетейік, Перизат Қайрат анасымен бірге қайырымдылық қорына жиналған 3,5 млрд теңгені жымқырды деп айыпталып отыр.
“3,2 млн теңгеге тісін жөндеткен”: Перизат Қайрат халықтан жинаған ақшаны қалай жұмсады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2025
“3,2 млн теңгеге тісін жөндеткен”: Перизат Қайрат халықтан жинаған ақшаны қалай жұмсады
Жаңалықтар
0