Алматыдан Қонаевқа 39 бала көшірілді: мәселе қалай шешілді

Келгендердің барлығы – бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері
Sputnik
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Алматы облыстық білім басқармасы Қонаев қаласындағы жаңа орталық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерін қабылдағанын хабарлады.
"Алматы қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан Қонаев қаласына 39 бала келді. Барлығы жеке инвестордың қаржысына салынған жаңа ғимаратқа орналастырылды. Келгендердің барлығы – бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері, балалар үйінен ешбір бала жоқ", - деп хабарлады ведомство.
2022 жылы Алматы облысы әкімшілік тұрғыда бөлінгеннен кейін бейімдеу орталығы уақытша Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің базасына орналастырылған еді, дейді білім басқармасы.
Алматыдан Қонаевқа 39 бала көшірілді
Айтуларынша, жаңа ғимаратқа көшуге тәрбиеленушілер келісімін берген.
"Жаңа орталық заманауи талаптарға сай салынып, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ғимарат жас ерекшелігі мен функционалдық бағыттарына қарай бөлінген, бұл жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді", - дейді басқармадағылар.
Басқарманың мәліметінше, бұл жаңа орталық – республика бойынша баламасы жоқ бірегей мекеме
Тәрбиеленушілері бар балалар үйінің ғимараты Алматы қаласы әкімдігінің балансына беріледі, дейді білім басқармасы.
Еске сала кетейік, бүгін 21 шілде күні "Бағанашылдағы" балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді полиция күшпен Қонаев қаласына алып көшірмек болған. Алайда қоғамда үлкен резонанс тудырып,Тоқаевтың өзі бұл жағдайға араласқан еді.
Балаларға психологиялық қолдау көрсетіледі – министрлік "Бағанашылдағы" жағдай туралы