https://sputnik.kz/20250721/almatydan-qonaevqa-39-bala-koshirildi-masele-qalay-sheshildi--55823071.html
Алматыдан Қонаевқа 39 бала көшірілді: мәселе қалай шешілді
Алматыдан Қонаевқа 39 бала көшірілді: мәселе қалай шешілді
Sputnik Қазақстан
Келгендердің барлығы – бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері 21.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-21T16:42+0500
2025-07-21T16:42+0500
2025-07-21T16:42+0500
алматы
балалар үйі
https://sputnik.kz/img/07e9/07/15/55822901_0:0:1080:608_1920x0_80_0_0_88f9e712b6998d02b5b12c78e44d8896.jpg
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Алматы облыстық білім басқармасы Қонаев қаласындағы жаңа орталық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерін қабылдағанын хабарлады.2022 жылы Алматы облысы әкімшілік тұрғыда бөлінгеннен кейін бейімдеу орталығы уақытша Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің базасына орналастырылған еді, дейді білім басқармасы.Айтуларынша, жаңа ғимаратқа көшуге тәрбиеленушілер келісімін берген."Жаңа орталық заманауи талаптарға сай салынып, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ғимарат жас ерекшелігі мен функционалдық бағыттарына қарай бөлінген, бұл жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді", - дейді басқармадағылар.Басқарманың мәліметінше, бұл жаңа орталық – республика бойынша баламасы жоқ бірегей мекемеТәрбиеленушілері бар балалар үйінің ғимараты Алматы қаласы әкімдігінің балансына беріледі, дейді білім басқармасы.Еске сала кетейік, бүгін 21 шілде күні "Бағанашылдағы" балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді полиция күшпен Қонаев қаласына алып көшірмек болған. Алайда қоғамда үлкен резонанс тудырып,Тоқаевтың өзі бұл жағдайға араласқан еді.
https://sputnik.kz/20250721/balalarga-psikhologiyalyq-qoldau-korsetiledi--ministrlik-baganashyldagy-zhagday-turaly-55822275.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/15/55822901_0:0:1080:810_1920x0_80_0_0_028608c846b8445cad526c5f48a9e87d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, балалар үйі
Алматыдан Қонаевқа 39 бала көшірілді: мәселе қалай шешілді
Келгендердің барлығы – бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Алматы облыстық білім басқармасы Қонаев қаласындағы жаңа орталық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерін қабылдағанын хабарлады.
"Алматы қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан Қонаев қаласына 39 бала келді. Барлығы жеке инвестордың қаржысына салынған жаңа ғимаратқа орналастырылды. Келгендердің барлығы – бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері, балалар үйінен ешбір бала жоқ", - деп хабарлады ведомство.
2022 жылы Алматы облысы әкімшілік тұрғыда бөлінгеннен кейін бейімдеу орталығы уақытша Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің базасына орналастырылған еді, дейді білім басқармасы.
Айтуларынша, жаңа ғимаратқа көшуге тәрбиеленушілер келісімін берген.
"Жаңа орталық заманауи талаптарға сай салынып, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ғимарат жас ерекшелігі мен функционалдық бағыттарына қарай бөлінген, бұл жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді", - дейді басқармадағылар.
Басқарманың мәліметінше, бұл жаңа орталық – республика бойынша баламасы жоқ бірегей мекеме
Тәрбиеленушілері бар балалар үйінің ғимараты Алматы қаласы әкімдігінің балансына беріледі, дейді білім басқармасы.
Еске сала кетейік, бүгін 21 шілде күні "Бағанашылдағы" балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді полиция күшпен Қонаев қаласына алып көшірмек болған. Алайда қоғамда үлкен резонанс тудырып,Тоқаевтың өзі бұл жағдайға араласқан еді.