Балаларға психологиялық қолдау көрсетіледі – министрлік "Бағанашылдағы" жағдай туралы

© Алматы облысының білім басқармасының баспасөз қызметі"Бағаналадағы" балалар үйінің тәрбиеленушілері көшірілген Қонаев қаласындағы жаңа ғимарат
Бағаналадағы балалар үйінің тәрбиеленушілері көшірілген Қонаев қаласындағы жаңа ғимарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2025
Жазылу
Бүгін балалар үйінің тәрбиеленушілерін көшіру кезінде жанжал шықты, жағдайға президент араласты
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі "Бағанашыл" балалар үйіндегі жағдайға байланысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қалыптасқан жағдайға байланысты балаларға қажетті психологиялық қолдау көрсетіледі. Жетім балалардың заңнамада кепілдік берілген барлық құқықтары қатаң сақталады", - делінген министрлік хабарламасында.
Аталған мәселеге байланысты оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқиға орнында жүр.
Алматы әкімі Дархан Сатыбалдымен бірге тәрбиеленушілердің қауіпсіз өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге және оқу үдерісін ұйымдастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде, деп атап өтті министрліктің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы.

Айта кетері, бұған дейін әкімдік балалар үйінің ғимараты апатты жағдайда болғандықтан оны Алматыдан Қонаев қаласына көшіру туралы шешім қабылданғанын жеткізген болатын. Балалар үйінің тәрбиеленушілері бейнеүндеу жариялап, бұл шешімге наразылық білдірді.
Бүгін балалар үйінің тәрбиеленушілерін көшіру кезінде жанжал шықты, жағдайға президент араласты.
Потасовка при принудительном переселении детдомовцев в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2025
Алматыдағы балалар үйі Қонаевқа көшірілмейді - Тоқаев тапсырма берді
Жаңалықтар
0