https://sputnik.kz/20250721/almatydagy-balalar-uyi-qonaevqa-koshirilmeydi---toqaev-tapsyrma-berdi-55813927.html
Алматыдағы балалар үйі Қонаевқа көшірілмейді - Тоқаев тапсырма берді
Алматыдағы балалар үйі Қонаевқа көшірілмейді - Тоқаев тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
Бүгін балалар үйінің тәрбиеленушілерін көшіру кезінде жанжал шықты, жағдайға президент араласты 21.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-21T12:29+0500
2025-07-21T12:29+0500
2025-07-21T13:23+0500
балалар үйі
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e9/07/15/55813704_0:0:577:326_1920x0_80_0_0_de9428f94a04557583222bcc53f44308.jpg
АСТАНА, 21 шілде - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Алматыдағы "Бағанашыл" балалар үйі Қонаев қаласына көшірілмейтін болды."Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды. Айта кетері, бұған дейін әкімдік балалар үйінің ғимараты апатты жағдайда болғандықтан оны Алматыдан Қонаев қаласына көшіру туралы шешім қабылданғанын жеткізген болатын. Балалар үйінің тәрбиеленушілері бейнеүндеу жариялап, бұл шешімге наразылық білдірді. Кейін Алматы облысының әкімі олар жаңа ғимаратқа көшірілмейді деп мәлімдеді. Дегенмен шілде айының басында балалар үйі Қонаевқа көшірілетіні белгілі болды. Қоғам белсенділерінің айтуынша, мәселе Бағанашылдағы жерде болып отыр. Аружан Сайынның сөзіне сенсек, балалар үйі орналасқан жер учаскесі Алматыдағы элиталық аудан болып есептеледі."Әл-Фараби-Бағанашыл ауданындағы жер - қаладағы ең қымбат жер. Өткен жылдары да жерді балалар мен балалар үйінен босату үшін бірнеше рет әрекет жасалды", - деп жазды Аружан Сайын. Алайда бұл жоспар жүзеге аспады, халық балалардың құқықын қорғап қалды, дейді ол.
https://sputnik.kz/20241003/balalar-uyine-tusken-bala-sany-rekordtyq-dengeyge-zhetti-47515386.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/15/55813704_0:0:577:434_1920x0_80_0_0_478f4fa093bb2661f028c37e18bc7454.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балалар үйі, қасым-жомарт тоқаев
балалар үйі, қасым-жомарт тоқаев
Алматыдағы балалар үйі Қонаевқа көшірілмейді - Тоқаев тапсырма берді
12:29 21.07.2025 (жаңартылды: 13:23 21.07.2025) Бүгін балалар үйінің тәрбиеленушілерін көшіру кезінде жанжал шықты, жағдайға президент араласты
АСТАНА, 21 шілде - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Алматыдағы "Бағанашыл" балалар үйі Қонаев қаласына көшірілмейтін болды.
"Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды.
"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейді. Аталған жағдайға байланысты президент әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.
Айта кетері, бұған дейін әкімдік балалар үйінің ғимараты апатты жағдайда болғандықтан оны Алматыдан Қонаев қаласына көшіру туралы шешім қабылданғанын жеткізген болатын. Балалар үйінің тәрбиеленушілері бейнеүндеу жариялап, бұл шешімге наразылық білдірді. Кейін Алматы облысының әкімі олар жаңа ғимаратқа көшірілмейді деп мәлімдеді. Дегенмен шілде айының басында балалар үйі Қонаевқа көшірілетіні белгілі болды.
Қоғам белсенділерінің айтуынша, мәселе Бағанашылдағы жерде болып отыр. Аружан Сайынның сөзіне сенсек, балалар үйі орналасқан жер учаскесі Алматыдағы элиталық аудан болып есептеледі.
"Әл-Фараби-Бағанашыл ауданындағы жер - қаладағы ең қымбат жер. Өткен жылдары да жерді балалар мен балалар үйінен босату үшін бірнеше рет әрекет жасалды", - деп жазды Аружан Сайын.
Алайда бұл жоспар жүзеге аспады, халық балалардың құқықын қорғап қалды, дейді ол.