АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жалпақтал ауылдық округінің Қараөзен ауылында мектеп-интернат ғимараты өртеніп кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Өртенген - Қараөзен интернат лицей-мектебі, тілсіз жау 388 шаршы метрді жалмады.
"Өрт сөндірушілер тез арада жетіп өртті толығымен сөндірді. Интернат мектебі күрделі жөндеуде болған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - дейді ведомстводағылар.
Өрттен зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнына жеке құрамнан 13 адам, 2 бірлік техника жұмылдырылған.