Батыс Қазақстан облысында мектеп-интернат ғимараты жанып кетті

© Photo : Пресс-служба ДЧС Северо-Казахстанской области Петропавлдағы өрт
Петропавлдағы өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2025
Жазылу
Оқиға орнына жеке құрамнан 13 адам, 2 бірлік техника жұмылдырылған
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жалпақтал ауылдық округінің Қараөзен ауылында мектеп-интернат ғимараты өртеніп кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Өртенген - Қараөзен интернат лицей-мектебі, тілсіз жау 388 шаршы метрді жалмады.

"Өрт сөндірушілер тез арада жетіп өртті толығымен сөндірді. Интернат мектебі күрделі жөндеуде болған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - дейді ведомстводағылар.

Өрттен зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнына жеке құрамнан 13 адам, 2 бірлік техника жұмылдырылған.
Астанада өрт кезінде 2 адам құтқарылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2025
Астанадағы өрт: түтін басқан ғимараттан әйел мен бала құтқарылды
Жаңалықтар
0