Астанадағы өрт: түтін басқан ғимараттан әйел мен бала құтқарылды

Астанада өрт кезінде 2 адам құтқарылды
Астанада өрт кезінде 2 адам құтқарылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2025
Жазылу
Оқиға орнына келген өрт сөндіру жасағы 1 газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Астанада өрт кезінде 2 адам құтқарылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Алматы ауданының Жайық көшесінде екі қабатты коттеджде өрт шықты.
От бірінші қабаттағы тоңазытқыш пен жиһаздарды шарпыған.

"Оқиға орнына келген өрт сөндіру жасағы түтін басқан ғимараттан әйел мен баланы құтқарып, 1 газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды", - деп жазылған хабарламада.

Құтқарылғандарды жедел жәрдем қызметкерлері қарап, үйлеріне жіберді.
Өрт 20 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
ҚР ТЖМ - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2025
Ақтаудағы әскери бөлімде өрт шықты
Жаңалықтар
0