"Дін аманбыз": Тұрар Рысқұлов ауданында жер сілкінісінен ешкім зардап шекпеген

Барлық коммуналдық қызмет штаттық режимде жұмыс істеп жатыр
Sputnik
АЛМАТЫ, 8 шілде – Sputnik. Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданында жер сілкінісінен зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне жергілікті әкімдік мәлімделі.
Сағат 14:30-да шамамен 4,6 балдық жер сілкінісі болды.
Ошақ Құлан ауылында тіркелген. Алайда аттандаған ауыл тұрғындары жоқ, кейбірі тіпті сезбей қалғандарын айтады. Бірі дала тірлігінде жүрсе, енді бірі қаннен қаперсіз ұйықтап жаттық дейді.
Аудандық әкімдік те шығын жоқ екенін хабарлады.
"Барлық коммуналдық қызмет штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Әлеуметтік нысандарға жылу, электр жарығын, газ беру қалыпты жағдайда", - дейді аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрболат Аманжол.
Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер, құлаған ғимараттар жоқ.
Қазіргі таңда ауылдық округ әкімдері мен жауапты азаматтар елді мекендерді зерделеуде, қосымша хабарланады, деді баспасөз хатшысы.
Айта кетері, бұл – Жамбыл облысында жарты жылда болған екінші қуатты жер дүмпуі.
Еске салайық, 28 наурызда дәл осы ауданда 5 балдық жер сілкінісі болды. Үкімет жұмыс тобын жіберген болатын.
Табиғи апат қаншалықты залал келтіргенін зерттеу үшін бұл жолы да арнайы комиссия құрылды.
Жамбыл облысында 6 балдық жер сілкінісі болды