https://sputnik.kz/20250708/din-amanbyz-turar-rysqulov-audanynda-zher-silkinisinen-eshkim-zardap-shekpegen-55480594.html
"Дін аманбыз": Тұрар Рысқұлов ауданында жер сілкінісінен ешкім зардап шекпеген
"Дін аманбыз": Тұрар Рысқұлов ауданында жер сілкінісінен ешкім зардап шекпеген
Sputnik Қазақстан
Барлық коммуналдық қызмет штаттық режимде жұмыс істеп жатыр 08.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-08T17:51+0500
2025-07-08T17:51+0500
2025-07-08T17:51+0500
жер сілкінісі
жамбыл облысы
https://sputnik.kz/img/123/47/1234741_0:0:2201:1239_1920x0_80_0_0_e1e60b21746ca033502efbad6afa611d.jpg
АЛМАТЫ, 8 шілде – Sputnik. Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданында жер сілкінісінен зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне жергілікті әкімдік мәлімделі.Сағат 14:30-да шамамен 4,6 балдық жер сілкінісі болды.Ошақ Құлан ауылында тіркелген. Алайда аттандаған ауыл тұрғындары жоқ, кейбірі тіпті сезбей қалғандарын айтады. Бірі дала тірлігінде жүрсе, енді бірі қаннен қаперсіз ұйықтап жаттық дейді.Аудандық әкімдік те шығын жоқ екенін хабарлады.Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер, құлаған ғимараттар жоқ.Қазіргі таңда ауылдық округ әкімдері мен жауапты азаматтар елді мекендерді зерделеуде, қосымша хабарланады, деді баспасөз хатшысы.Айта кетері, бұл – Жамбыл облысында жарты жылда болған екінші қуатты жер дүмпуі.Еске салайық, 28 наурызда дәл осы ауданда 5 балдық жер сілкінісі болды. Үкімет жұмыс тобын жіберген болатын.Табиғи апат қаншалықты залал келтіргенін зерттеу үшін бұл жолы да арнайы комиссия құрылды.
https://sputnik.kz/20250708/zhambyl-oblysynda-6-baldyq-zher-silkinisi-boldy-55478453.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/123/47/1234741_0:0:1977:1483_1920x0_80_0_0_5cbb39f309e5de741bed9c0d29407ef9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жер сілкінісі, жамбыл облысы
жер сілкінісі, жамбыл облысы
"Дін аманбыз": Тұрар Рысқұлов ауданында жер сілкінісінен ешкім зардап шекпеген
Барлық коммуналдық қызмет штаттық режимде жұмыс істеп жатыр
АЛМАТЫ, 8 шілде – Sputnik. Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданында жер сілкінісінен зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы
Sputnik Қазақстан тілшісіне жергілікті әкімдік мәлімделі.
Сағат 14:30-да шамамен 4,6 балдық жер сілкінісі болды.
Ошақ Құлан ауылында тіркелген. Алайда аттандаған ауыл тұрғындары жоқ, кейбірі тіпті сезбей қалғандарын айтады. Бірі дала тірлігінде жүрсе, енді бірі қаннен қаперсіз ұйықтап жаттық дейді.
Аудандық әкімдік те шығын жоқ екенін хабарлады.
"Барлық коммуналдық қызмет штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Әлеуметтік нысандарға жылу, электр жарығын, газ беру қалыпты жағдайда", - дейді аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрболат Аманжол.
Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер, құлаған ғимараттар жоқ.
Қазіргі таңда ауылдық округ әкімдері мен жауапты азаматтар елді мекендерді зерделеуде, қосымша хабарланады, деді баспасөз хатшысы.
Айта кетері, бұл – Жамбыл облысында жарты жылда болған
екінші қуатты жер дүмпуі.Еске салайық, 28 наурызда дәл осы ауданда 5 балдық жер сілкінісі болды. Үкімет жұмыс тобын
жіберген болатын.Табиғи апат қаншалықты залал келтіргенін зерттеу үшін бұл жолы да арнайы комиссия құрылды.