Семейде жаңа шағын аудан пайда болады

Оны қытайдың жетекші құрылыс компаниясы салады
Sputnik
АЛМАТЫ, 7 шілде - Sputnik. Семей облысының әкімі Берік Уәли қытайдың құрылыс компаниясы делегациямен кездесті.
Кездесу барысында екі жақты инвестициялық ынтымақтастықты нығайту, бірлескен жобаларды іске асыру және жаңа өндіріс алаңдарын дамыту мәселелері талқыланды.
"Xinjiang Huayuan Holding Group Co.Ltd" корпорациясы – тұрғын үй құрылысымен, жылумен қамтамасыз ету нысандарын салумен айналысатын Қытайдағы жетекші компаниялардың бірі.
Корпорацияның бас директоры Ли Цзюнь осы салалар бойынша Абай облысымен бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
"Біздің делегация Семей қаласында бой көтеретін жаңа ықшам ауданның жобасымен танысты. Қытайға барған соң арнайы жұмыс тобын құрып, нақты жобаларды ұсынамыз. Инфрақұрылым мәселесі шешілсе, жұмысқа кірісуге дайынбыз", - деді ол.
Облыс әкімі жаңа ықшам ауданның инфрақұрылым мәселесі жақын арада шешілетінін, құрылыс жұмыстарын бастауға ешқандай кедергі болмайтынын айтты.
"Семей қаласына көп функциялы, заманауи қонақүй қажет. Жаңа ықшам ауданға жаңа жылу қазандығы, көп қабатты тұрғын үйлер керек. Сіздерді "Smart City" жобасына серіктес ретінде қатысуға, жаңа қаланы бірге салуға шақырамыз. Сіз басқаратын корпорацияның заманауи тұрғын үй құрылысы, жылумен жабдықтау саласында тәжірибесі мол. Сондықтан нақты ұсыныстар күтеміз", - деді аймақ басшысы.
Семейде чип өндіретін индустриялық парктің құрылысы басталды