https://sputnik.kz/20250602/semeyde-chip-ondiretin-industriyalyq-parktin-qurylysy-bastaldy-54201681.html
Семейде чип өндіретін индустриялық парктің құрылысы басталды
Семейде чип өндіретін индустриялық парктің құрылысы басталды
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін Қазақстанда чип өндірілмеген, тек құрастырылған 02.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-02T17:32+0500
2025-06-02T17:32+0500
2025-06-02T17:32+0500
семей
чип
https://sputnik.kz/img/25/37/253713_0:320:3073:2048_1920x0_80_0_0_bd247778e6f7abdd26f412830dc709e9.jpg
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Семейде чип және электронды қондырғы өндіретін индустриялық парктің құрылысы басталды, деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі.Бүгін жоғары технологиялық өнімдер өндіретін зауыттың іргетасын қалау рәсімі өтті. Жобаны қазақстандық-қытайлық бірлескен компания "SUTO KAZAKHSTAN" ЖШС Семейдегі "Өндіріс" индустриялық аймағында жүзеге асырады.Облыс әкімі Берік Уәли бастаған өңір делегациясы жақында Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялы өлкесінің Алтай қаласына барып, халықаралық "Үлкен Алтай" субөңірлік конференциясына қатысып қайтқан еді.Ауқымды шара аясында Абай облысы мен қытай инвесторлары арасында құны 1,5 миллиард АҚШ долларын құрайтын 15 меморандумға қол қойылды.Құрылыс кезеңінде 140 адам жұмыспен қамтылса, зауыт іске қосылғаннан кейін 500-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады. Құрылысқа жергілікті азаматтар, Семей қаласының тұрғындары тартылады.Жоба толық іске асқан кезде қызметкерлер 250 мың мен 500 мың теңге аралығында жалақы алады.Кәсіпорын Семейдегі IT және жаңа технологиялар жоғары колледжінің студенттерін өндірістік тәжірибеден өткізіп, кейін зауытқа тұрақты жұмысқа алуға ниет білдіріп отыр. Оқу орны мен компания өкілдері келісімге келіп, ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.Жоба құны 50 миллион АҚШ долларын құрайды. 2025-2028 жылдар аралығында үш кезеңмен іске асырылады. Болашақта зауыт өнімдері ішкі нарықпен қатар, ТМД елдері мен Еуропаға экспортталмақ."Бізге 20 гектар жер берілді. Бірінші кезеңде негізгі ғимаратты, құрылғылар тұратын зауыттың цехтарын саламыз. Жоспарымыз бойынша кәсіпорынның алғашқы ғимаратының құрылысын 90 күнде аяқтасақ, алғашқы өнімді шығара береміз. Негізгі мақсат – чип өндіру. Мұндай чиптер бұған дейін Қазақстанда өндірілмеген, тек құрастырылған", - деді "Suto Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы Ернұр Болатұлы.
семей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/25/37/253713_136:0:2867:2048_1920x0_80_0_0_cae001b8a5f782047885c26b624328e3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
семей, чип
Семейде чип өндіретін индустриялық парктің құрылысы басталды
Бұған дейін Қазақстанда чип өндірілмеген, тек құрастырылған
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Семейде чип және электронды қондырғы өндіретін индустриялық парктің құрылысы басталды, деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі.
Бүгін жоғары технологиялық өнімдер өндіретін зауыттың іргетасын қалау рәсімі өтті. Жобаны қазақстандық-қытайлық бірлескен компания "SUTO KAZAKHSTAN" ЖШС Семейдегі "Өндіріс" индустриялық аймағында жүзеге асырады.
"Жаңа кәсіпорында чип, оптоэлектронды модуль, интеллектуалды хост-контроллер, қуат блогы, энергия үнемдейтін шамдар мен электронды дисплей өндіріледі", - деп жазылған хабарламада.
Облыс әкімі Берік Уәли бастаған өңір делегациясы жақында Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялы өлкесінің Алтай қаласына барып, халықаралық "Үлкен Алтай" субөңірлік конференциясына қатысып қайтқан еді.
Ауқымды шара аясында Абай облысы мен қытай инвесторлары арасында құны 1,5 миллиард АҚШ долларын құрайтын 15 меморандумға қол қойылды.
"Бүгін біздің облысымыз үшін айтулы күн. Семей қаласында жоғары технологиялы зауыттың іргетасын қалап жатырмыз. Бұл заманауи электроқұралдар мен жарықтандыру жүйелеріне арналған чип (диодтар) шығаратын кәсіпорын болады. Мұндай өндіріс елімізде бірінші рет қолға алынып жатыр", - деді облыс әкімі.
Құрылыс кезеңінде 140 адам жұмыспен қамтылса, зауыт іске қосылғаннан кейін 500-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады. Құрылысқа жергілікті азаматтар, Семей қаласының тұрғындары тартылады.
Жоба толық іске асқан кезде қызметкерлер 250 мың мен 500 мың теңге аралығында жалақы алады.
Кәсіпорын Семейдегі IT және жаңа технологиялар жоғары колледжінің студенттерін өндірістік тәжірибеден өткізіп, кейін зауытқа тұрақты жұмысқа алуға ниет білдіріп отыр. Оқу орны мен компания өкілдері келісімге келіп, ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.
Жоба құны 50 миллион АҚШ долларын құрайды. 2025-2028 жылдар аралығында үш кезеңмен іске асырылады. Болашақта зауыт өнімдері ішкі нарықпен қатар, ТМД елдері мен Еуропаға экспортталмақ.
"Бізге 20 гектар жер берілді. Бірінші кезеңде негізгі ғимаратты, құрылғылар тұратын зауыттың цехтарын саламыз. Жоспарымыз бойынша кәсіпорынның алғашқы ғимаратының құрылысын 90 күнде аяқтасақ, алғашқы өнімді шығара береміз. Негізгі мақсат – чип өндіру. Мұндай чиптер бұған дейін Қазақстанда өндірілмеген, тек құрастырылған", - деді "Suto Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы Ернұр Болатұлы.