https://sputnik.kz/20250707/semeyde-zhana-shagyn-audan-payda-bolady-55455678.html
Семейде жаңа шағын аудан пайда болады
Семейде жаңа шағын аудан пайда болады
Sputnik Қазақстан
Оны қытайдың жетекші құрылыс компаниясы салады 07.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-07T21:01+0500
2025-07-07T21:01+0500
2025-07-07T21:01+0500
семей
құрылыс
https://sputnik.kz/img/07e9/07/07/55455801_0:134:2560:1574_1920x0_80_0_0_96a6b243d71886b90fb4cbd696ac7582.jpg
АЛМАТЫ, 7 шілде - Sputnik. Семей облысының әкімі Берік Уәли қытайдың құрылыс компаниясы делегациямен кездесті.Кездесу барысында екі жақты инвестициялық ынтымақтастықты нығайту, бірлескен жобаларды іске асыру және жаңа өндіріс алаңдарын дамыту мәселелері талқыланды."Xinjiang Huayuan Holding Group Co.Ltd" корпорациясы – тұрғын үй құрылысымен, жылумен қамтамасыз ету нысандарын салумен айналысатын Қытайдағы жетекші компаниялардың бірі.Корпорацияның бас директоры Ли Цзюнь осы салалар бойынша Абай облысымен бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.Облыс әкімі жаңа ықшам ауданның инфрақұрылым мәселесі жақын арада шешілетінін, құрылыс жұмыстарын бастауға ешқандай кедергі болмайтынын айтты."Семей қаласына көп функциялы, заманауи қонақүй қажет. Жаңа ықшам ауданға жаңа жылу қазандығы, көп қабатты тұрғын үйлер керек. Сіздерді "Smart City" жобасына серіктес ретінде қатысуға, жаңа қаланы бірге салуға шақырамыз. Сіз басқаратын корпорацияның заманауи тұрғын үй құрылысы, жылумен жабдықтау саласында тәжірибесі мол. Сондықтан нақты ұсыныстар күтеміз", - деді аймақ басшысы.
https://sputnik.kz/20250602/semeyde-chip-ondiretin-industriyalyq-parktin-qurylysy-bastaldy-54201681.html
семей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/07/55455801_143:0:2418:1706_1920x0_80_0_0_6681619e949d55b16bdd5e7254e0658b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
семей, құрылыс
Семейде жаңа шағын аудан пайда болады
Оны қытайдың жетекші құрылыс компаниясы салады
АЛМАТЫ, 7 шілде - Sputnik. Семей облысының әкімі Берік Уәли қытайдың құрылыс компаниясы
делегациямен кездесті.
Кездесу барысында екі жақты инвестициялық ынтымақтастықты нығайту, бірлескен жобаларды іске асыру және жаңа өндіріс алаңдарын дамыту мәселелері талқыланды.
"Xinjiang Huayuan Holding Group Co.Ltd" корпорациясы – тұрғын үй құрылысымен, жылумен қамтамасыз ету нысандарын салумен айналысатын Қытайдағы жетекші компаниялардың бірі.
Корпорацияның бас директоры Ли Цзюнь осы салалар бойынша Абай облысымен бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
"Біздің делегация Семей қаласында бой көтеретін жаңа ықшам ауданның жобасымен танысты. Қытайға барған соң арнайы жұмыс тобын құрып, нақты жобаларды ұсынамыз. Инфрақұрылым мәселесі шешілсе, жұмысқа кірісуге дайынбыз", - деді ол.
Облыс әкімі жаңа ықшам ауданның инфрақұрылым мәселесі жақын арада шешілетінін, құрылыс жұмыстарын бастауға ешқандай кедергі болмайтынын айтты.
"Семей қаласына көп функциялы, заманауи қонақүй қажет. Жаңа ықшам ауданға жаңа жылу қазандығы, көп қабатты тұрғын үйлер керек. Сіздерді "Smart City" жобасына серіктес ретінде қатысуға, жаңа қаланы бірге салуға шақырамыз. Сіз басқаратын корпорацияның заманауи тұрғын үй құрылысы, жылумен жабдықтау саласында тәжірибесі мол. Сондықтан нақты ұсыныстар күтеміз", - деді аймақ басшысы.