Қызылордада қалдықты қайта өңдейтін цех өртенді

Өрт сөндірушілер ғимаратты өрттен аман алып қалды
Sputnik
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Қызылорда қаласының өрт сөндірушілері жоғары дәрежелі шақыртуға барды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Өтініш берушінің айтуынша, Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі пластик қалдықтарды қайта өңдеу цехтан өрт шыққан.
Өрт сөндірушілер жалынның таралуына жол бермей, оны бірнеше минут ішінде оқшаулады.
"Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - дейді Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының бастығы Әбділда Баякеев.
Астанадағы өрт: түтін басқан ғимараттан әйел мен бала құтқарылды