Қызылордада қалдықты қайта өңдейтін цех өртенді

© Photo : ТЖМ баспасөз қызметіҚызылордада қалдықты қайта өңдейтін цех өртенді
Қызылордада қалдықты қайта өңдейтін цех өртенді - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2025
Жазылу
Өрт сөндірушілер ғимаратты өрттен аман алып қалды
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Қызылорда қаласының өрт сөндірушілері жоғары дәрежелі шақыртуға барды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Өтініш берушінің айтуынша, Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі пластик қалдықтарды қайта өңдеу цехтан өрт шыққан.
Өрт сөндірушілер жалынның таралуына жол бермей, оны бірнеше минут ішінде оқшаулады.
"Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - дейді Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының бастығы Әбділда Баякеев.
Астанада өрт кезінде 2 адам құтқарылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2025
Астанадағы өрт: түтін басқан ғимараттан әйел мен бала құтқарылды
Жаңалықтар
0