Қайтарылған активтер: Жамбыл облысындағы ауыл ауыз сумен қамтамасыз етілді

Жаңа жүйе 260-тан астам ауыл тұрғынын таза ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді
Sputnik
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен ауыз сумен қамтамасыз ету және денсаулық сақтау бойынша 19 нысанының құрылысы қаржыландырылды.
Бас прокуратура хабарлағандай, Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Жаңаөткел ауылында сумен жабдықтау жүйесі салтанатты түрде ашылды.
"Бұл бастама мемлекетке қайтарылған қаражаттың қоғамның игілігіне қалай ықпал ететінін және негізгі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жағдай жасайтынын айқын көрсетеді", - деді шарада облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров.
Бұл объектінің ашылуына дейін ауылда сумен жабдықтау жүйесі болмаған және ауыл тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етілмеген.
Енді жаңа сумен жабдықтау жүйесі 260-тан астам ауыл тұрғынын таза ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қайтарылған активтер: Зерендіде спорт мектебі ашылды