Қайтарылған активтер: Жамбыл облысындағы ауыл ауыз сумен қамтамасыз етілді

Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен ауыз сумен қамтамасыз ету және денсаулық сақтау бойынша 19 нысанының құрылысы қаржыландырылды
Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен ауыз сумен қамтамасыз ету және денсаулық сақтау бойынша 19 нысанының құрылысы қаржыландырылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2025
Жазылу
Жаңа жүйе 260-тан астам ауыл тұрғынын таза ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен ауыз сумен қамтамасыз ету және денсаулық сақтау бойынша 19 нысанының құрылысы қаржыландырылды.
Бас прокуратура хабарлағандай, Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Жаңаөткел ауылында сумен жабдықтау жүйесі салтанатты түрде ашылды.
"Бұл бастама мемлекетке қайтарылған қаражаттың қоғамның игілігіне қалай ықпал ететінін және негізгі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жағдай жасайтынын айқын көрсетеді", - деді шарада облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров.
Бұл объектінің ашылуына дейін ауылда сумен жабдықтау жүйесі болмаған және ауыл тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етілмеген.
Енді жаңа сумен жабдықтау жүйесі 260-тан астам ауыл тұрғынын таза ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақмола облысының Зеренді ауылында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2025
Қайтарылған активтер: Зерендіде спорт мектебі ашылды
Жаңалықтар
0