Қайтарылған активтер: Зерендіде спорт мектебі ашылды

Ақмола облысының Зеренді ауылында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі ашылды
Ақмола облысының Зеренді ауылында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2025
Жазылу
Ауданы 6 мың шаршы метрден асатын спорт мектебі ауысымда 90-ға дейін балалар мен жасөспірімдерді қабылдай алады
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Ақмола облысының Зеренді ауылында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі ашылды, деп хабарлады үкімет.
Нысан елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен салынған. Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан 2,1 млрд теңге бөлді.
Ауданы 6 мың шаршы метрден асатын спорт мектебі ауысымда 90-ға дейін балалар мен жасөспірімдерді қабылдай алады.
Мекеме аумағында шаңғы жарысы, күрес және бокс секциялары ашылды, бұл жастарға өздерін қызықтыратын спорт түрін таңдауға және өз дағдыларын дамытуға қосымша мүмкіндіктер туғызады. Заманауи жабдықтар мен кең залдар жаттығу жасауға ыңғайлы жағдай жасайды.
Спорт мектебінің салтанатты ашылуына ҚР Бас прокуроры Берік Асылов пен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты.
Айта кетейік, бұған дейін өңірде қайтарылған активтер қаражатына Алтынды, Арнасай, Жаңаесіл және Шалқар ауылдарында 4 медициналық мекеме салынып, пайдалануға берілген болатын.
Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2025
Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды
Жаңалықтар
0