Президент инвесторларға CryptoCity жайында айтып берді

Төрт жылда мобильді банкингті қолдану 460 пайызға өскен
Sputnik
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторларға CryptoCity жобасы жайында айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін Астанада шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында Тоқаев Қазақстанның БҰҰ рейтингінде цифрландыру көрсеткіші бойынша әлемдегі көшбасшы 30 елдің санатына кіретінін еске салып, халықаралық серіктестерді цифрлық және жасанды интеллект инфрақұрылымдарын бірлесіп дамытуға шақырды.
"Еліміздегі транзакциялардың 89 пайызы қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады. Ал соңғы төрт жылда мобильді банкингті қолдану 460 пайызға өскен. Біз CryptoCity жаңашыл пилоттық аймағын құруды жоспарлап отырмыз. Онда тауар сатып алуға, қызметтер мен басқа да мақсаттарға криптовалютаны пайдалануға болады", - деді Тоқаев.
Айта кетері, бұған дейін ұлттық банк криптовалютамен төлем жасау жобасы жайында хабарлаған болатын.
Қазақстан экономикасы 6 процентке өсті - Тоқаев