https://sputnik.kz/20250624/qazaqstan-ekonomikasy-6-protsentke-osti---toqaev-55069744.html
Қазақстан экономикасы 6 процентке өсті - Тоқаев
Қазақстан экономикасы 6 процентке өсті - Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Бүгінде инвестициялық штаб 70 миллиард долларды құрайтын 137 инвестициялық жобаға қолдау көрсетті 24.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-24T12:45+0500
2025-06-24T12:45+0500
2025-06-24T12:57+0500
ақорда
президент
https://sputnik.kz/img/07e9/06/18/55068025_0:2:1280:722_1920x0_80_0_0_0d62d5a6b7f441250affc6a440b057fb.jpg
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Қазақстан экономикасы бес айда 6 процентке өсті. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Сарапшылар таяу жылдары жаһандық ішкі жалпы өнімнің өсімі шамамен 2,9 пайызға дейін баяулайтынын болжап отыр. Бүгінде инфляциялық қысым да күшейді. Ал жаһандық жеткізу тізбегіндегі кедергілер және іскерлік ортадағы бағдарсыздық анық байқалады.Оның айтуынша, Қазақстанның стратегиялық тұрғыдан орналасуы, адами капиталы және реформаларды жан-жақты жүргізуі инвесторларға да, ұлттық экономикаға да мол мүмкіндік жасап отыр. Бүгінде инвестициялық штаб та жұмыс істейді. Аталған штаб 70 миллиард долларды құрайтын 137 инвестициялық жобаға қолдау көрсетті. Ал Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, жергілікті өндірісті дамытатын инвесторларға мақсатты жеңілдіктер беріледі және қосылған құны жоғары өнім экспорттаушыларға қолдау жасалады."Биылдан бастап мемлекеттік органдар бас прокуратураның алдын ала келісімінсіз инвесторларға қатысты тексеру жүргізуге, әкімшілік іс қозғауға, талап арыз беруге немесе қандай да бір шектеу қоюға құқылы емес", - деді Тоқаев.
https://sputnik.kz/20250624/bul-manyzdy-missiya-zan-ustemdigin-barinen-biik-qoyudy-talap-etedi---toqaev-sudyalar-zhayly-55056571.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/18/55068025_85:0:1196:833_1920x0_80_0_0_4752af0884da870460703c809d0d424c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақорда, президент
Қазақстан экономикасы 6 процентке өсті - Тоқаев
12:45 24.06.2025 (жаңартылды: 12:57 24.06.2025) Бүгінде инвестициялық штаб 70 миллиард долларды құрайтын 137 инвестициялық жобаға қолдау көрсетті
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Қазақстан экономикасы бес айда 6 процентке өсті. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Сарапшылар таяу жылдары жаһандық ішкі жалпы өнімнің өсімі шамамен 2,9 пайызға дейін баяулайтынын болжап отыр. Бүгінде инфляциялық қысым да күшейді. Ал жаһандық жеткізу тізбегіндегі кедергілер және іскерлік ортадағы бағдарсыздық анық байқалады.
"Мұндай үрдістер әлем экономикасының перспективасын нашарлата түсуі ықтимал. Бұл халықаралық сындарлы диалогтың қажет екенін көрсетеді. Қазақстан секілді елдердің экономикасы осындай сын-қатерлер кезінде сыртқы дағдарыстарға төтеп бере алды. Биылғы бес айда Қазақстан экономикасы 6 пайызға өсті. Оған көлік және логистика, құрылыс, сауда, тау-кен өнеркәсібі және өңдеу салалары көп үлес қосты", – деді Тоқаев.
Оның айтуынша, Қазақстанның стратегиялық тұрғыдан орналасуы, адами капиталы және реформаларды жан-жақты жүргізуі инвесторларға да, ұлттық экономикаға да мол мүмкіндік жасап отыр. Бүгінде инвестициялық штаб та жұмыс істейді. Аталған штаб 70 миллиард долларды құрайтын 137 инвестициялық жобаға қолдау көрсетті. Ал Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, жергілікті өндірісті дамытатын инвесторларға мақсатты жеңілдіктер беріледі және қосылған құны жоғары өнім экспорттаушыларға қолдау жасалады.
"Биылдан бастап мемлекеттік органдар бас прокуратураның алдын ала келісімінсіз инвесторларға қатысты тексеру жүргізуге, әкімшілік іс қозғауға, талап арыз беруге немесе қандай да бір шектеу қоюға құқылы емес", - деді Тоқаев.