https://sputnik.kz/20250624/bul-manyzdy-missiya-zan-ustemdigin-barinen-biik-qoyudy-talap-etedi---toqaev-sudyalar-zhayly-55056571.html
Бұл маңызды миссия заң үстемдігін бәрінен биік қоюды талап етеді - Тоқаев судьялар жайлы
Бұл маңызды миссия заң үстемдігін бәрінен биік қоюды талап етеді - Тоқаев судьялар жайлы
Sputnik Қазақстан
Тоқаев сот саласының қызметкерлері әділетті Қазақстанды құру ісіне өлшеусіз үлес қосатынына сенім білдірді 24.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-24T09:08+0500
2025-06-24T09:08+0500
2025-06-24T09:21+0500
ақорда
президент
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:53:1280:773_1920x0_80_0_0_974041005514cf0b20fba383cdfc1341.jpg
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Президент судья және сот қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев биыл сот төрелігін атқаруға жауапты азаматтар үшін айрықша маңызды жыл екенін айтты. Себебі, осыдан 30 жыл бұрын ел егемендігінің, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың мызғымас тірегі саналатын Қазақстан Конституциясы қабылданды.Мемлекет басшысы жұртшылықтың әділдікке деген сенімі көбінесе судьялардың кәсіби біліктілігіне, кез келген істі қараған кезде ұстанымына берік болып, бейтараптық таныта алуына тікелей байланысты екенін мәлімдеді."Осы маңызды әрі жауапты миссия терең құқықтық білімді, заң үстемдігін үнемі бәрінен биік қоюды талап етеді. Сот қызметкерлері мен ардагерлеріне қажырлы еңбегі мен өз кәсібіне адалдығы үшін шынайы ризашылығымды білдіремін", - деп құттықтады президент.Тоқаев сот саласының қызметкерлері әділетті Қазақстанды құру ісіне өлшеусіз үлес қосатынына сенім білдіріп, оларға зор денсаулық, бақ-береке, толағай табыс тіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_03da4e92d0ad1f0f6bc1c5c5ce1d2c7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақорда, президент
Бұл маңызды миссия заң үстемдігін бәрінен биік қоюды талап етеді - Тоқаев судьялар жайлы
09:08 24.06.2025 (жаңартылды: 09:21 24.06.2025) Тоқаев сот саласының қызметкерлері әділетті Қазақстанды құру ісіне өлшеусіз үлес қосатынына сенім білдірді
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Президент судья және сот қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлады
Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев биыл сот төрелігін атқаруға жауапты азаматтар үшін айрықша маңызды жыл екенін айтты. Себебі, осыдан 30 жыл бұрын ел егемендігінің, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың мызғымас тірегі саналатын Қазақстан Конституциясы қабылданды.
"Қуатты әрі тәуелсіз сот жүйесі құқық үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ "Заң және тәртіп" қағидатын орнықтыру ісінде шешуші рөл атқарады. Сондықтан біз осы стратегиялық маңызы бар салада жүйелі түрде реформа жүргізіп келеміз. Сот ісі жетілдіріліп, басқару үдерістері оңтайландырылып, осы салаға цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр. 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі үш дербес кассациялық сот жұмыс істей бастайды. Бұл қадам азаматтардың және бизнестің өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға арналған институционалдық мүмкіндігін едәуір аттырады", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы жұртшылықтың әділдікке деген сенімі көбінесе судьялардың кәсіби біліктілігіне, кез келген істі қараған кезде ұстанымына берік болып, бейтараптық таныта алуына тікелей байланысты екенін мәлімдеді.
"Осы маңызды әрі жауапты миссия терең құқықтық білімді, заң үстемдігін үнемі бәрінен биік қоюды талап етеді. Сот қызметкерлері мен ардагерлеріне қажырлы еңбегі мен өз кәсібіне адалдығы үшін шынайы ризашылығымды білдіремін", - деп құттықтады президент.
Тоқаев сот саласының қызметкерлері әділетті Қазақстанды құру ісіне өлшеусіз үлес қосатынына сенім білдіріп, оларға зор денсаулық, бақ-береке, толағай табыс тіледі.