Ұлттық банк криптовалютамен төлем жасау жобасын бастады

© Pixabay / Alexandr PodvalnyҰлттық банк криптовалютамен төлем жасау жобасын бастады
Ұлттық банк криптовалютамен төлем жасау жобасын бастады - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2025
Жазылу
Жоба аясында "Астана" халықаралық қаржы орталығында тіркелген криптобиржалардың әмияндарына байланған "крипто-карталар" қолданылады
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Қазақстанда криптовалютамен төлем жасау жобасы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық банктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жоба аясында "Астана" халықаралық қаржы орталығында тіркелген криптобиржалардың әмияндарына байланған "крипто-карталар" қолданылады.
"Бұл төлем карталары тұтынушыға қолма-қол ақшасыз операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Аталған шешім цифрлық активтердің айналымын қолданыстағы төлем инфрақұрылымына қауіпсіз әрі ыңғайлы түрде біріктіруге жол ашады", - деліген ресми хабарламада.
"Крипто-картамен" төлем жасау тәртібіне сәйкес, төлем жасалғанда клиенттің цифрлық активтері АХҚО криптонарығында сатылады да, ақшасы банк шотына байланған стандартты төлем картасына аударылады.
Осылайша, төлем криптоактивтер дереу сатылғаннан түскен ақшамен жасалады. Ал есеп айырысудың жеделдігі банк пен АХҚО крипто-провайдері арасындағы криптофиаттық интеграция есебінен қамтамасыз етіледі.
В обменниках Казахстана доллар достиг 500 тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2025
Ұлттық банк валюта айырбастау ережесін өзгертті
Жаңалықтар
0