Халықаралық жағдай күрт нашарлап жатыр - Қазақстан СІМ Ирандағы жағдай туралы

Қазақстан Каспий маңы елдерінің тобына кіреді және Иранмен түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытып жатыр, деді министрліктегілер
Sputnik
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. ​​Қазақстан сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуал бойынша мәлімдеме жасады.
Ведомство хабарлағандай, АҚШ-тың Иранға қарсы соңғы әскери әрекеттерінің нәтижесінде әлемнің біздің бөлігінде орналасқан мемлекеттердің қауіпсіздігі үшін қатерлі салдары бар халықаралық жағдайдың күрт нашарлауы байқалып отыр.
"Қазақстан Каспий маңы елдерінің тобына кіреді және Иранмен түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытып жатыр. Мемлекетіміз барлық келіспеушіліктерді, оның ішінде ядролық мәселелерді БҰҰ Жарғысы негізінде келіссөздер жүргізу арқылы шешу қажет деп санайды", - деп жазылған мәлімдемеде .
Қазақстан СІМ Барлық мүдделі елдерді ядролық қарудың таралуына жол бермеу және халықаралық бақылаумен таратпау режимін ұстанатын мемлекеттердің қауіпсіздігіне кепілдіктер беру мақсатында келісімді жақын арада әзірлеуге шақырды.
Ирандағы қазақстандықтар елден Түрікменстан арқылы шығып жатыр